12.12.2011, 09:35 3220

Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Алматыда метрополитен таныстырылды

"Метрополитеннің бірінші кезекті құрылысының аясында жылына 140 млн. адам өткізе алатын 7 станса салынды. Метрополитеннен басқа 2011 жылдың екінші жартысында біз тағы 5 жобаны аяқтаймыз. Индустрияландыру картасы аясында 2014 жылға дейін жалпы құны 258 млрд. теңге болатын барлығы 28 индустриялық жоба жүзеге асырылатын болады", - деп атап өтті қала әкімі Ахметжан Есімов.

Алматы. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Алматыда метрополитен таныстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Метрополитеннің бірінші кезекті құрылысының аясында жылына 140 млн. адам өткізе алатын 7 станса салынды. Метрополитеннен басқа 2011 жылдың екінші жартысында біз тағы 5 жобаны аяқтаймыз. Индустрияландыру картасы аясында 2014 жылға дейін жалпы құны 258 млрд. теңге болатын барлығы 28 индустриялық жоба жүзеге асырылатын болады", - деп атап өтті қала әкімі Ахметжан Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада "Сарыарқа" спорт кешенінде Елбасының қатысуымен Индустрияландыру картасының 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылған жобаларының тұсаукесер рәсімі бойынша жалпыұлттық телекөпір өтуде. ІІ жартыжылдықта жалпы сомасы 902 млрд. теңгенің 162 жобасы іске қосылып, 35 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын айта кету керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны