26.02.2015, 00:21 4583

Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан халқына үндеуі

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан халқына үндеуі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құрметті қазақстандықтар!

Ел ішінде биыл кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мәселесі қызу талқылануда. Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ Кеӊесі көтерген бастамаға қоғам өкілдері жан-жақты пікір білдіруде. Парламент депутаттары мен саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, еӊбек ұжымдары өз пікірлерін айтты. Маған күн сайын еліміздіӊ түкпір-түкпірінен жүздеген хаттар келуде. Барша жұрт кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасына қызу қолдау білдіруде.

Құрметті қазақстандықтар!

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге Демократиялық күштердіӊ "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясы бірауыздан қолдау білдірді. Ол 6 саяси партияныӊ, 18 республикалық қоғамдық бірлестіктіӊ, 500 өӊірлік үкіметтік емес ұйымдардыӊ басын біріктіреді. Аталған мәселе бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ Кеӊесі бастамашылық жасады.

Бұл күндері меніӊ атыма кәсіпорындардыӊ еӊбек ұжымдарынан, ардагерлерден, студенттерден, жасы және кәсібі әртүрлі адамдардан көптеген хаттар мен жеделхаттар түсіп жатыр. Мұныӊ өзі біздіӊ азаматтарымыздыӊ өсе түскен саяси белсенділігі мен олардыӊ ел тағдырына шынайы қамқорлығын білдіреді. Барлықтарыӊызға осы үшін зор рахмет.

Біздіӊ азаматтарымыз үшін бүгін не нәрсе аса маӊызды?

Біріншіден, маған арналған барлық үндеулерде ешқандай ішкі кикілжіӊдер мен сыртқы жанжалдар біздіӊ елімізге кесірін тигізбесін деген бүкілхалықтық алаӊдаушылық байқалады. Адамдар бұл үшін тұрақтылық пен қоғамымыздыӊ бірлігін нығайту қажет екенін түсінеді.

Екіншіден, әлемдік экономикалық дағдарыс белеӊ ала түскен кезеӊде халыққа ертеӊгі күніне деген сенімділік керек. Бұл, еӊ алдымен, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік төлемдердіӊ, жалақыныӊ, стипендиялардыӊ тұрақтылығы.

Үшіншіден, жаһандық геосаяси қарама-қайшылықтар ушыға түскен жағдайда, біздіӊ азаматтарымызды ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі алаӊдатады. Сондықтан қазақстандықтар теӊдестірілген ішкі және сыртқы саясаттыӊ әрі қарай жалғастырылғанын қалайды.

Бұлар оӊай мәселелер емес. Оларды шешу барлық азаматтар мен барлық деӊгейдегі атқарушы биліктен дағдарыстан шығу жөніндегі белгіленген бағдарламаларды орындау үшін күш біріктіруді талап етеді. Осылайша, барлығымыздыӊ алдымызда аса ауыр жұмыс тұр.

Маған Қарағандыдан Нина Алексеевна Мисоченко былай деп жазады:

"Күн сайын балаларымныӊ амандығы үшін, жеріміздегі бейбітшілік пен тыныштық үшін мінәжат етемін. Күн сайын Құдайдыӊ алдында біздіӊ үйлерімізге ешқашан ешқандай алауыздық пен ешқандай соғыс қатер төндірмесін, біз қашанда бейбіт және бақытты өмір сүрейік деп жалбарынамын. Қазақстанда барлық адамдар татулық пен бір-біріне сеніммен өмір сүріп жатса, бұл Сіздіӊ ерен еӊбегіӊіздіӊ арқасы. Қазақстандықтар бірге еӊбек етіп, бір-біріне қолұштарын береді, балалары мен немерелерін алаӊсыз оқытып, өсіріп жатыр. Ирқашан және мәӊгілік осылай бола берсін!".

Рахмет, Нина Алексеевна! Бұл тек меніӊ ғана емес, біздіӊ бүкіл халқымыздыӊ еӊбегі. Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардыӊ бойында бейбітшілік пен келісім - басты жалпыхалықтық игілігіміз деген даналық ұғым мықтап орнықты. Және оны әр күн сайынғы еӊбекпен қорғау және нығайту қажет. Бүгінгі біздіӊ қазақстандық мінез бітіміміз осындай! Бірлік пен Тұрақтылық - бұл біздіӊ жауапты таӊдауымыз! Бұл біздіӊ Отанымыздыӊ табысты дамуыныӊ басты формуласы.

Қымбатты отандастар!

Өткен 23 жыл - біз үшін ғасырға бергісіз жылдар. Кезеӊ-кезеӊімен жүргізілген тұрақты саясаттыӊ арқасында біз бүгінгі белеске көтерілдік. Қазақ қазақ болғалы қазіргідей төрт құбыласы түгел, қуатты елге айналып көрген емес. Біз бүгін қариясы қамсыз, азаматы алаӊсыз, ұрпағы уайымсыз елдердіӊ қатарына ұмтылдық. Біз үшін көк аспанымыз ашық, көк байрағымыз асқақ болғаннан артық мәртебе жоқ.

Жер бетінде саны қанша миллион болса да туын тігер ұлтарақтай жерді, ұрпағына мирас етер елді арман еткен ұлттар қаншама! Елі болғанмен бағдары жоқ, бағдары болғанмен берекесі жоқ халықтар да көз алдымызда. Қазақстан даму көшіне ілескен елдерден суырылып шығып, көш тізгінін ұстаған елдердіӊ санатына бет алды. Бірақ, біз өткенді ешқашан ұмытпауға тиіспіз.

Қазақ - тарихи жады мықты, соӊына қарап тәубесін айтқан, жолына қарап тәуекел еткен халық. Исіресе, осы күндері маған жүздеген хаттар келіп түсуде. Солтүстік Қазақстан облысыныӊ жасы тоқсаннан асқан тұрғыны Байқуаныш Сәрсембин ақсақал былай деп жазыпты:

"Өткен ғасырдағы түрлі тарихи оқиғалардыӊ бәрі меніӊ көз алдымда өтті. Бірде құлдырап, бірде өрлеген қилы замандарды көрдік. Бірақ, дәл қазіргідей Алтын Ғасыр халқымыздыӊ басында ешқашан болған емес. Елініӊ шекарасын бекітіп, барлық елдермен достық қатынас орнатып, барша адамзат тағдырын шешуге араласып отырған қазақ баласы ешқашан болмаған", - дейді Байқуаныш қария.

Мен жеткен абырой, мәртебе - барша Қазақстанныӊ мерейі. Ирбір хат иесініӊ бүгінгі Қазақстанды мақтан етіп, марқаятынын көремін.

Біз өресі биік, рухы берік, отаншыл елміз. Біз үшін туған елдіӊ бір уыс топырағынан қасиетті жер жоқ, бір түп жусанынан жұпар иіс жоқ. Елдіӊ бірлігін нығайтып, Отанымызды көркейтуге бағытталған кез келген ұсыныс мен үшін құнды. Қоғамда талқыланып жатқан кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жайын мен осы тұрғыдан сараладым.

Құрметті отандастар!

Бұрынғы Президент сайлауынан бері 4 жыл өтті. Бұл Қазақстан үшін жаӊа мүмкіндіктер ашқан күрделі уақыт еді. Біз 2011 жылғы сайлауалды науқаны барысында меніӊ тарапымнан айтылған барлық мақсаттарға қол жеткіздік. Біз әлемдегі аса дамыған 30 елдіӊ қатарына ену жөніндегіұзақ мерзімді 2050 Стратегиясын жүзеге асырудамыз. Бүгінде мен жаһандық экономикалық және геосаяси тәуекелдерді есепке ала отырып айқындап берген мемлекеттік бағдарламаларда дамудыӊ барлық стратегиялық мәселелері белгіленген.

Дағдарыс пен біздіӊ экспорттық тауарларымызға бағаныӊ күрт төмендеуінен бізге бюджет саясатын жедел оӊтайландыруға тура келді. Дағдарысқа қарсы шаралар кешені жүзеге асырылуда. Біз жаһандық дамудыӊ ауыртпалықтарын абыроймен еӊсеретінімізге сенімдімін. Бізде бұл үшін барлық жағдай - іс-қимылдыӊ нақты жоспарлары, халықтыӊ бірлігі мен қажетті ресурстар бар.

Енді сайлау туралы айтайын. Бүгін мен Парламент Сенаты мен Мәжілісі басшылығымен, Премьер-Министрмен және республика Конституциялық Кеӊесініӊ Төрағасымен консультациялар өткіздім. Оныӊ алдында Сенат Төрағасыныӊ сауалы бойынша Конституциялық Кеӊес кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бойынша жан-жақты түсініктеме берді. Президент және Парламент сайлауларын өткізудіӊ күнтізбелік мерзімі 2016 жылға дөп келіп, іс жүзінде қосақталып тұр. Конституция бұған жол бермейді.

Меніӊ Мемлекет басшысы лауазымындағы конституциялық өкілеттілігімніӊ мерзімі 2016 жылы аяқталады. Осыған байланысты екі ұсыныс айтылуда. Бірінші - ел Президентініӊ сайлауын мерзімінен бұрын өткізу. Екінші - Мемлекет басшысыныӊ өкілеттілігін ұзарту туралы референдум өткізу. Екі ұсынысты да жүзеге асыруға болады.

Көӊілге қонымдысы, Конституция талаптарына жауап беретіні сайлау өткізу болып табылады. Сондықтан халықтыӊ мүддесіне орай, оныӊ өтінішін, жалпыға ортақ ерік-жігерін есепке ала отырып, Негізгі Заӊды бұлжытпай сақтау үшін мен Конституцияныӊ 41-бабыныӊ 3.1 тармағына сәйкес шешім қабылдап, 2015 жылдыӊ 26 сәуірінде кезектен тыс Президент сайлауын белгілеу туралы Жарлыққа қол қойдым. Қазақстан үшін сайлау қашанда қоғамдағы бірлік пен келісімніӊ жоғары тетігі болды. Қазір де және әрқашанда солай болатынына сенімдімін!

Сайлау - аса маӊызды конституциялық және патриоттық акт. Оны заӊнамаға қатаӊ сәйкес, ашық және адал, отандық және халықаралық байқаушыларды кеӊінен қатыстыра отырып өткізу қажет. Алдағы сайлауға өзімніӊ қатысатыныма орай шешімді мен кейінірек, еліміздіӊ Конституциясы мен заӊдарына толық сәйкес қабылдайтын боламын.

Қымбатты қазақстандықтар!

Қайта қаһарына мінген әлемдік дағдарыс жағдайында бірлік бізге бұрынғысынан бетер құнды. Мемлекеттіӊ тыныштығы мен елдіӊ бірлігін сақтап, дамыту Президенті бастап, елі қостаған кезде ғана баянды болмақ. Жауапкершілік бүкіл халыққа да жүктеледі. Осыны ұмытпайық. Алдағы биік белестер мен асқар асулар үшін біз барлық кедергілерді бағындырып, алға басуға тиіспіз.

Құзырлы органдар Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ бастамасы еліміздіӊ Конституциясына және Сайлау туралы Заӊға сай деген қорытынды шығарды. Мен сайлауға қатысты "иә" мен "жоқты" мұқият ой таразысына салдым. Сөйтіп, "кезектен тыс Президент сайлауын өткізген жөн" деген пайымға келдім. Сайлау елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында біріктіре түсеріне сенемін. Қазақстандықтарды ел тарихындағы тағы бір тағдырлы оқиғаға жауапкершілікпен қарап, белсене қатысуға шақырамын.

Баршаӊызға бірлік пен береке, шаӊырақтарыӊызға шаттық тілеймін!

Бұл туралы Ақорданы? баспасөз қызметі хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны