22.09.2008, 17:52 2712

Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Оразбай Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Оразбай Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі болып тағайындалды

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны