27.05.2020, 19:56 8093

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы блокпостта қаза тапқан полиция қызметкерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы блокпостта қаза тапқан полиция қызметкерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Онда былай делінген:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) - Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы;

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) - Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны