19.10.2012, 15:29 3677

Мемлекет бүгінгі ұрпақтың зейнетақы жүйесі туралы ойлануы керек

Бүгін BNews.kz порталындағы онлайн-конференция кезінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев Қазақстандағы зейнетақы жасын ұлғайту туралы өзекті мәселені қозғады.

Астана. 19-қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет бүгінгі ұрпақтың зейнетақы жүйесі туралы ойлануы керек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін BNews.kz порталындағы онлайн-конференция кезінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев Қазақстандағы зейнетақы жасын ұлғайту туралы өзекті мәселені қозғады.

"Зейнетақы жасын ұлғайту немесе ұлғайтпау туралы сөз қозғағанда мына мәселелерді есепке алу керек: біріншіден, қазір зейнетақы жасына жеткен адамдар да бар, олар үшін зейнетақы көлемі маңыздырақ. Бұл да зейнетақы жүйесінің бел шеше кірісуді қажет етіп отырған проблемасының бірі. Сондай-ақ, халықтың тағы басқа бір бөлігі бар: зейнет жасына жетуге санаулы уақыты қалғандар. Осы адамдар енгізілген жаңа жүйеге уақыттың жетіспеушілігінен кіріге алмай қалады. Зейнетақы жасының ұлғаюына қарсылық білдірудің бір себебі де осы. Сонымен қатар, тағы бір топ бар - қазіргі уақытта дүниеге келгендер, кәмелет жасына толғандар, жұмысқа жаңадан орналасқандар. Олар қазір зейнетақы жайында ойланбайды да. Бірақ мемлекет ойлауы тиіс. Мемлекет дүниеге бүгін келгендер, еңбек жолын енді бастағандар үшін қандай зейнетақы жүйесі әрекет етеді деген сұраққа жауап беруі тиіс. Мемлекет, сондай-ақ, зейнетақы жасы, зейнетақы жүйесі қандай болады деген сауалдарға да жауап беруі керек. Мұны да талқылау керек", - деді министр.

"Мен еңбекақы, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге мемлекеттік бюджет шығынының 60%-ы жұмсалатынын айттым. Бұл өте көп және 30-40 жылдан кейін бізде өндіріс, мұнай шығару азайған шақта мұндай жүйенің болуы өте қауіпті шешім болмақ. Ирине, мемлекет алдағы уақытта тек қарқынды дамиды, өмір сүру жасы да ұлғаятын болады және зейнетақы көлемі де өседі. Сондықтан осының барлығы қаржылай қамтамасыз етілуі тиіс екенін түсіну керекпіз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны