29.04.2024, 16:54 35631
Мемлекетке 40 млрд теңге көлемінде заңсыз активтер қайтарылды
Достарға айту
Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия: мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңге қайтарылды, деп хабарлады бүгін заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі комиссия отырысында премьер-министр Олжас Бектенов.
Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы - ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.
Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.
Активтерді қайтару жұмыстары - бұл Мемлекет басшысының әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі саясатының тікелей іске асырылуы. Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.05.2024, 17:53 6776
Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 45 жүргізуші сотталды
Достарға айту
Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 45 жүргізуші сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі әкімшілік жаза көзделген.
Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беруі өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Оқиғаларды талдау жүргізушілердің заңды бұзуы қасақана жасалғанын көрсетеді.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға, ескертулерге қарамастан, жүргізушілердің заңсыз әрекеттері тоқтамауда.
Ағымдағы жылы соттың басқару құқығынан айыру туралы шешіміне қарамастан, мас күйінде қайтадан рөлге отырған 45 жүргізуші сотталды.
Мәселен, бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші қала көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сот оны жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Мас жүргізуші өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қауіпті екенін ескертеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 17:43 7196
Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды
Достарға айту
Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды", деп көрсетілген Жарлық мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 16:44 9036
Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады
Достарға айту
Аймақтарда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары аяқталды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңестерде облыс әкімдерінің орынбасарлары баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Биыл 3 млн-нан аса баланы белсенді жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Оқушылар үшін 10 мыңнан аса лагерь қызмет көрсетпек. Балаларға демалыстан бөлек жас ерекшеліктеріне қарай түрлі танымдық шаралардың ұйымдастырылуы биылғы жаз мезгілінің басты өзгешелігі болмақ.
Бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуы үшін мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істемек. Одан бөлек, әр түрлі танымдық шаралар қарастырылып отыр. Мәселен, Атырау облысында "Kids university" жобасы шеңберінде балалар уақытша "студенттік билет" алып, бірнеше күн ерекше сабақтар арқылы ғылым әлеміне бойламақ.
Орта сынып оқушыларына экскурсиялық-туристік бағдарламалар ұсынылатын болады. Балалар туған өлкесінің тарихи, мәдени мұраларымен танысу мүмкіндігіне ие болады.
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы ауыл мектептерінің оқушылары үшін Петропавл қаласына сапарлары ұйымдастырылады. Мұнда оларға шаһардың көрнекі орындары көрсетіліп, тарихи ескерткіштер мен мұражайларға танымдық саяхаттар қарастырылады.
Шығыс Қазақстан өңірінде балаларға "Қонақжай отбасы" жобасы ұсынылады. Оның аясында ниет білдіргендер қазақ тілін меңгеруге және аймақтың әсем табиғаты мен мәдениетімен танысуға мүмкіндік алады. Жобаға қатысушылар 20 күн бойы ауылдық елді мекендердегі отбасыларда тұратын болады.
Жоғары сынып оқушылары үшін колледж бен жоғары оқу орындары базасында мамандандыру бағытындағы бірқатар шаралар жүзеге асырылады.
Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 94%-ы қамтылатын болады.
Су тасқыны салдарынан зардап шеккен аймақтардың балалары ерекше назарда болады. Тасқын басталған кезден бастап 614 бала оқу-сауықтыру орталықтарында болған. Қазіргі таңда ол нысандарда 629 бала демалып жатыр. Жазғы демалыс кезінде 3 833 баланы демалыс және сауықтыру шараларымен қамту жоспарланған.
"Оқу-ағарту министрлігі аймақтардағы оң тәжірибелердің кеңінен таралуын қолға алуы тиіс. Шараларды ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігіне баса мән берілгені жөн. Бүгінде демалыс, сауықтыру орындарын тексеру және қабылдау кестесі бекітілген. Оның сақталуын мүдделі мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері тұрақты бақылауда ұстауы қажет", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 11:47 16131
Қазақстандағы су тасқыны: 61 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
61 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Петропавл қаласының Заречный кенті мен Подгора шағын ауданында қуатты су сору техникасын пайдалана отырып, 41 жеке тұрғын үй мен 83 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 193 800 текше метр су сорылды.
Өткен тәулікте Атырау облысының Құлсары қаласында 55 722 текше метр су сорылды, 22 670 қапшық және 380 инертті материал төселді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг, Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының айналасында үйінді бөгет салу жұмыстары аяқталды. Елтай, Көктоғай, Есбол, Өрлік ауылдық округтерінен Индер ауданының орталығына қатынайтын тас жолды су басып кетуіне байланысты, құтқарушылар аудан тұрғындарын қайық арқылы тасымалдауда. Кезекшілік ұйымдастырылып, тұрғындарды тасымалдау тәулік бойы жүзеге асырылатын болады.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 5 320 қапшық пен 564 тонна инертті материал төселді.
Республика бойынша 61 151 адам өз үйлеріне оралды. 5 360 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 21,1 млн еріген қар суы сорлып, 11 270 жеке тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 7,9 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 893 адам, 948 техника, 344 су сору құралы және 66 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 11:39 16366
Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев делегация басшыларына ілтипат білдіре отырып, Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының алғашқы кездесуі сыртқы және ішкі сын-қатерлер мен қауіптің алдын алу үшін күш-жігер біріктіретін, сондай-ақ оған қарсы тұруға қажетті шараларды әзірлейтін тиімді алаңға айналуы керек екенін атап өтті.
Аймақтық ынтымақтастық барлық бағыт бойынша қарқынды дамуда. Осы тұрғыдан алғанда, бұл - өте маңызды әрі оң үрдіс. Мемлекетаралық саяси диалог та мүлде жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Өңір елдері арасындағы өзара сауда-экономикалық ықпалдастық белсенді түрде кеңеюде. Соңғы бес жылда өңірішілік сауда-саттық көрсеткіші 80 пайыздан астам артып, 10 миллиард доллардан асқан. Бұл ретте елдер арасындағы экспорттық-импорттық операцияларды жоспарлы түрде ұлғайту, тауарлардың номенклатурасын көбейту мәселелері шешіліп жатыр. Бизнес арасындағы байланыс күшейіп, бірлескен кәсіпорындардың саны арта түсті. Аймақтық ірі жобалар бәрімізге айтарлықтай пайда әкеліп қана қоймай, Орталық Азия экономикасының бүкіл құрылымын да өзгертеді. Көлік-логистика әлеуетінің еселенуі өңірдің қарқынды дамуы үшін берік негіз болады. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстар жанданып, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қатынастардың одан әрі нығая түсуіне ықпал етеді", - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пікірінше, бұл процестер өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы нәтижелі диалогпен дәйектелуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи сын-қатерлердің көбі трансшекаралық сипатқа ие екенін айтты. Сондықтан оларға қарсы тұру үшін күш-жігер біріктіру қажет.
Бұл жерде, ең әуелі, халықаралық экстремизм мен терроризмге, есірткі тасымалына, қару-жарақ саудасына қарсы күрес туралы сөз болып отыр. Осы орайда Ауғанстанға баса мән беруіміз керек. Бұл елде күрделі әрі түрлі бағыттағы процестер жүріп жатыр. Онда белгілі бір деңгейде тұрақтану, экономикалық жағдайдың жандану белгілері бар екенін мойындау қажет. Екінші жағынан, халықаралық террористік ұйымдардың белсенділігіне байланысты қауіп-қатердің жоғары деңгейі сақталып отыр. Бұған Мәскеу облысында жұртты қанға бөктірген лаңкестік әрекет дәлел бола алады. Біздің ойымызша, Ауғанстанды өңірлік байланыстарға белсенді тарту - дәл қазіргі кездегі стратегиялық міндеттердің бірі. Мұнда көп нәрсе біздің елдеріміздің үйлесімді ұстанымына байланысты. Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталығын ашу өзекті мәселе деп санаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі басқосу Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуіне дайындықтың маңызды кезеңі саналады. Аталған жиын 9 тамызда Астанада өтеді. Сондай-ақ Қазақстан ұйымның биылғы төрағасы ретінде алдағы саммиттің әлеуетін нығайту үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Біз Аймақтық кооперацияны дамыту жөніндегі "Орталық Азия - 2040" стратегиясын әзірледік. Өңірлік тығыз қарым-қатынастың басымдықтары, ең алдымен, бесжақты ықпалдастықты кеңейтуге және Орталық Азияның халықаралық субъектілігін нығайтуға бағытталған. Бұл құжатты Астанадағы саммит барысында қабылдаудың өңір үшін концептуалды мәні зор болатынына сенімдімін. Елдеріміз арасындағы қатынастардың ерекше сипаты Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартта бекітілген. Бұл құжат стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтереді. Осы тарихи шартқа қол қою рәсімінің аяқталуы және оның күшіне енуі Астанадағы саммиттің басты нәтижесінің бірі болар еді деп санаймын. Біздің бесжақты форматты институционалдық тұрғыда одан әрі жетілдіру өзекті болып қала береді", - деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев достық, тату көршілік және одақтастық рухындағы өңірлік ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, ынтымақтастық тек өңір ішінде ғана шектеліп қалмайды.
Шетелдік серіктестермен жан-жақты байланыстар жоспарлы түрде нығайып келеді. Өздеріңізге мәлім, әлемдік ойыншылар "Орталық Азия +" форматындағы белсенді ықпалдастыққа зор қызығушылық білдіріп отыр. Былтыр өткізілген кездесулердің (Орталық Азия - Еуропа Одағы, Орталық Азия - ҚХР, Орталық Азия - АҚШ, Орталық Азия - Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі, Орталық Азия - Германия) қорытындылары - соның айқын дәлелі", - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті жиынға қатысушыларды аймақтағы елдерді бір-біріне қарсы қоюға және оларды араздастыруға тырысушы бөгде күштерге бірлесіп қарсы тұруға шақырды.
Біз мұндай тәсілдер мен әрекеттерге ашық қарсымыз. Бұған күмән болмасын. Жалпы, біздің елдеріміз арасында өзара оңтайлы шешім таба алмайтын мәселе жоқ және болмауға тиіс. Тек ортақ іс-қимыл синергиясы мен өзара қолдау бауырлас халықтарымыздың өркендеуіне жол ашатынына сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстандағы су тасқыны кезінде бауырлас халықтардың тілеулестік танытып, көрсеткен көмегі үшін сіздердің елдеріңізге шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз және оны шынайы достықтың, тату көршіліктің және өзара қолдаудың айқын дәлелі ретінде қарастырамыз", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кездесудің қорытындысы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Біз ахуалдың ынтымақтастықты дамыту және өзара сенім бағытына қарай түбегейлі өзгергенін ерекше атап өтеміз. Осыдан 10 жыл бұрын Орталық Азия өңірінде мұндай жағдай болған жоқ деп нық сеніммен айта аламын. Экономикалық ведомстволарды басқаратын тұлғалардан бөлек, қазір мемлекеттер басшылары, үкіметтер мен күштік құрылымдардың жетекшілері, қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл Орталық Азия аймағындағы жағдайдың орнықты даму бағытына түскенін көрсетеді", - деді Қазақстан Президенті.
Жиынға Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Марат Иманкулов, Тәжікстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзода, Өзбекстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Виктор Махмудов және Түрікменстанның Қазақстандағы елшілігінің әскери атташесі Аннамырат Ягмыров қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 11:30 16941
Ақтөбе облысында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2024 жылдың 16 мамырында сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды ҚР Терроризмге қарсы күрес орталығының баспасөз қызметінен.
Іс-шараның мақсаты Мұғалжар ауданындық терроризмге қарсы жедел штабының күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет етуін пысықтау мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын оқу-жаттығуға жұмылдырылатын мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға, өткізілетін жұмыстарға түсіністікпен қарап, жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
Жалған және сенімсіз ақпаратты таратқан үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 11:06 17516
Ресейден келген тасқын су Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді. Айта кетейік, бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тасқын суын көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті "Қазсушар" филиалының мамандары жүргізуде. Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі болып табылады.
Батыс Қазақстан облысындағы судың негізгі көзі - Жайық өзені. Аталған өзен арқылы келген тасқын суы су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінде жиналады.
Сонымен қатар, "Қазсушар" мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай - ақ, Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр", - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 11:01 17861
Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлім етті
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
16.05.2024, 11:01Тоқаев Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлім етті 16.05.2024, 11:06 16606Ресейден келген тасқын су Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді16.05.2024, 11:30 16031Ақтөбе облысында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі16.05.2024, 11:39 15456Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады16.05.2024, 11:47 15221Қазақстандағы су тасқыны: 61 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды
10.05.2024, 13:16 99056Ағымдағы жылы елімізде 1,5 млн га жерге егін егілді10.05.2024, 13:14 98961Жаңадан тағайындалған Цифрлық даму министрі ант берді10.05.2024, 13:12 98751Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталуға жақын10.05.2024, 13:05 98536Қазақстанда 2025 жылы әлеуметтік қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптар өзгереді10.05.2024, 13:02 93211Су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес қандай өтемақы ала алатындығы белгілі болды
24.04.2024, 18:17 157331Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 155626Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 152611Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады18.04.2024, 11:47 149761ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды22.04.2024, 16:42 132056Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады