06.04.2016, 15:56 4013

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Ибдіқалықованыӊ төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияныӊ бірінші отырысы өтті

Г.Ибдіқалықова өз сөзінде Мемлекет басшысыныӊ: "Тәуелсіздік жылдары республикамыз тарихи даму тұрғысынан ғажайып серпіліс жасады. Біздіӊ Қазақстан - Ұлы Дала Елі, Жаӊғырған Ұлы Дала Елі! Бұл біздіӊ асқақ аӊсарымыз әрі ерекше мақтанышымыз!" деген сөзіне тоқталып өтті

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Президент жарлығымен 2016 жылғы 28 наурызда тиісті комиссия құрылып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеудіӊ "Бірлік пен Жасампаздықтыӊ 25 жылы" тұжырымдамасы, Мемлекеттік комиссия туралы ереже мен оныӊ құрамы бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Г.Ибдіқалықова өз сөзінде Мемлекет басшысыныӊ: "Тәуелсіздік жылдары республикамыз тарихи даму тұрғысынан ғажайып серпіліс жасады. Біздіӊ Қазақстан - Ұлы Дала Елі, Жаӊғырған Ұлы Дала Елі! Бұл біздіӊ асқақ аӊсарымыз әрі ерекше мақтанышымыз!" деген сөзіне тоқталып өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығын мерекелеу мемлекеттіліктіӊ одан әрі нығаюына, халықтыӊ бірлігі мен барлық қазақстандықтыӊ "Мәӊгілік Ел" құндылықтары аясында топтасуына мүмкіндік беретіндігін айтты.

Сондай-ақ ол Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеу бостандық, бірлік, тұрақтылық, жасампаздық, өркендеу сияқты "арқаулы құндылықтарға" негізделетініне ерекше мән берді. Ирбір ай Тәуелсіздіктіӊ жетістіктері мен "Мәӊгілік Ел" құндылықтарыныӊ біріне арналатын болады.

Отырыс барысында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі өзара іс-қимыл мен мемлекеттік органдардыӊ, жұртшылықтыӊ және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ жұмысын үйлестірудіӊ негізгі мәселелері талқыланды.

Отырыс аясында Мемлекеттік комиссия мүшелері мен шақырылған қонақтар Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік тарихы: Қазақстан жолыныӊ қарышты қадамдары" атты деректі фотокөрменіӊ ашылу рәсіміне қатысты.

Отырысты қорытындылаған Мемлекеттік хатшы жоспарланып отырған іс-шараларды сапалы әрі уақтылы іске асыру қажеттігін айтып, жұмысты әрі қарай ұйымдастыруға байланысты бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны