29.04.2010, 17:16 3237

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы президентті агенттіктің өткен кезеңдегі жұмыс қорытындыларынан хабардар етті

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы президентті агенттіктің өткен кезеңдегі жұмыс қорытындыларынан хабардар етті

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Нұрпейісовты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қ.Нұрпейісов президентті агенттіктің өткен кезеңдегі жұмыс қорытындыларынан хабардар етті.

Иңгімелесу барысында сондай-ақ мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру, мамандар алмастыру жөніндегі жұмыстар, өңірдегі тәртіптік кеңестердің жұмысына, атап айтқанда, құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алуға байланысты мәселелер туралы әңгіме болды.

"Осы мәселенің барлығы бойынша мемлекет басшысы нақты тапсырма берді", - деді Қ.Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны