18.05.2012, 15:02 3001

Мемлекеттік органдар Президент тапсырмасын жедел түрде орындаудың орнына, 9 ай бойы ойланады

Мемлекеттік органдар Президент тапсырмасын жедел түрде орындаудың орнына, 9 ай бойы ойланады - парламенттік оппозиция көшбасшысы Экономика және сауда министрлігінің шағын және орта бизнесті құрылған күнінен бастап алғашқы 3 жыл ішінде тексеруден босату қажеттігі туралы хабарламасына осылайша түсініктеме берді.

Астана. 18-мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекеттік органдар Президент тапсырмасын жедел түрде орындаудың орнына, 9 ай бойы ойланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мұндай пікірін Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев мәлім етті.

Мемлекеттік органдар Президент тапсырмасын жедел түрде орындаудың орнына, 9 ай бойы ойланады - парламенттік оппозиция көшбасшысы Экономика және сауда министрлігінің шағын және орта бизнесті құрылған күнінен бастап алғашқы 3 жыл ішінде тексеруден босату қажеттігі туралы хабарламасына осылайша түсініктеме берді.

"Ақ жол" ҚДП төрағасы атап өткендей, осыған ұқсас Мемлекет басшысының тапсырмасы өткен жылдың 1 қыркүйегінде, парламенттің алдыңғы құрамының күзгі маусымының ашылуында жасалған болатын.

"Сонда мемлекеттік органдар тапсырманы орындаудың орнына, Президенттің сөзін жай қайталау үшін 9 ай бойы ойланған болып отыр ма? Осы уақыт аралығында тиісті заң жобасын дайындауға болатын еді және дайындау қажет еді, парламенттің қарауына енгізіп және мүмкін қабылдауға болар еді" - деп осыған байланысты А.Перуашев айтып өтті.

Бұл түсініктеме Азат Перуашевтің ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша өткен конференциясындағы сөз сөйлеуі кезінде берілген болатын.

Сонымен бірге, парламенттік оппозиция көшбасшысы Экономика және сауда министрлігінің шағын және орта бизнес критерилерін ұлғайту туралы бастамасын "аса маңызды" деп атап өтті.

"Бизнес-қоғамдастық "Атамекен" Ұлттық экономикалық палатасы арқылы соңғы 3-4 жыл ішінде ШОБ критерилерін қайта қарауды талап етіп келді - деп "Ақ жол" ҚДП төрағасы мәлімдеді, - Белгілі болғандай, БСҰ-ның ережелері бойынша тек ШОБ секторын ғана мемлекеттік қолдау шараларына жол беріледі. Сонда Еуропадағы айналымы 60 не одан одан да көп млн. евродан асатын кәсіпорындар орташа кәсіпорындарға жатады және мемлекеттік қолдауды ала алады. Ал бізде айналымы 5 млн доллардан асатын кәсіпорындар ірі болып есептелді және мемлекеттері қосымша көмек көрсететін еуропалық алыптармен өздігінен бәсекеге түсулері тиіс болды".

"Бұрынырақ "Атамекен" ҰЭП, және кейін "Ақ жол" партиясы ірі бизнес критериін еуропалық деңгейге дейін көтеруді ұсынған болатын - деп Азат Перуашев қосып өтті - сондықтан бүгінгі Экономика министрлігінің АЕК-ті 3 млн долларға (20 млн. евроның айналасы) дейін көтеруді ұсынуы әрине жағдайды теңестірмейді. Бірақ егер ол іске асса - бұл бизнес үшін үлкен көмек болар еді. Және біз бұл бастамасы үшін Экономика және сауда министрлігіне ризамыз".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны