10.04.2007, 18:28 3056

Мемлекеттік органдарға инфляцияны ұстап тұруға қосымша шаралар қолдану тапсырылды

АСТАНА. 9-сәуір. Kazakhstan Today. Мемлекеттік органдарға инфляцияны ұстап тұруға қосымша шаралар қолдану тапсырылды. Осындай тапсырме бүгін экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі қауіпсіздік кеңесінің ведомствоаралық комиссиясының отырысында жүктелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агентітгі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс бүгін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары-экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусиннің төрағалығымен өтті.

Отырыста ведомствоаралық комиссия қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері, сондай-ақ инфляцияға мониторинг жүргізу мәселесі және үкімет пен Ұлттық банктің бағаның көтерілуіне жол бермеу жөніндегі іс-шаралары қарастырылды.

Инфляцияның ағымдағы жай-күйі мен оны ұстап тұру жөніндегі қабылданған іс-шаралар туралы баяндама жасалды.

Отырыс барысында инфляцияны ұстап тұру жөніндегі мемлекеттік органдар қабылдаған шаралардың жеткіліктілік мәселесі, осы бағыттағы жұмыстардың тиімді жүргізілуі талқыланды.

Ведомствоаралық комиссия төрағасы, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Аслан Мусин қазіргі кезде байқалып отырғандай инфляциялық үдерістің баяулап қалуы инфляцияны ұстап тұру жөнінде мемлекеттік органдар жүргізіп отырған жұмыстардың әлсіреуіне себеп болмауы керектігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға антиинфляциялық саясат саласында қосымша шараларды қабылдау және оны күшейту жөнінде тиісті тапсырма берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны