02.05.2019, 14:32 6148

Мемлекеттік шекарадан Қазақстанға қарай бөтен құжатпен өтпек болған әйел адам ұсталды

1992 жылғы Фарида есімді Қырғыз Республикасы азаматшасының төлқұжатын ұсынған әйел адам тексере келе, шындығында 1983 жылы туған Қырғыз азаматшасы Эльнура екендігі анықталды. Шекаралық өкілдер кездесуі ұйымдастырылып, еліне қайтарылды.

Нұр-Сұлтан. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Тараз шекара отрядының "Сыпатай батыр-авто" бөлімшесінде Мемлекеттік шекарадан Қазақстанға қарай бөтен құжатпен өтпек болған әйел адам ұсталды.

Түнгі сағат 03.45 шамасында тексеруге 1992 жылғы Фарида есімді Қырғыз Республикасы азаматшасының төлқұжатын ұсынған әйел адам тексере келе, шындығында 1983 жылы туған Қырғыз азаматшасы Эльнура екендігі анықталды. Шекаралық өкілдер кездесуі ұйымдастырылып, еліне қайтарылды.

Аталған отрядтың "Гродеково" заставасының аумағында шекара наряды түнгі 23.00 шамасында қызметтік иттің көмегімен, Қырғыз Республикасынан біздің елге қарай Мемлекеттік шекараны бұзып өтуге әрекеттеніп жатқан, жасы 17-лер шамасындағы қырғыз азаматын ұстады. Айтуына қарағанда, түннің жарымында өзге мемлекеттің аумағына заңсыз жолмен өтпек болуының себебі - "әкесінің ашуына тиіп алып, таяқ жеуден қорқып қашқаны екен". Анық-қанығын анықтау үшін Ассы аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда шекарашылар "Алматы-Бішкек" бағытымен ұшқалы тұрған КС-109 әуе рейсінен 1983 жылы туған Ауғанстан азаматын ұстады. Ұстауға себеп болған - Канаданың қолдан жасалған визасы.

Сарыағаш шекара отрядының "Қапланбек" шекара заставасы аумағында сағат түнгі 22-лер шамасында түн қараңғылығын пайдаланып Мемлекеттік шекараны бұзып біздің елге қарай өтпекші болған жасы 40-тар шамасындағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Ұсталған азаматтың кім екендігін және қандай мақсатпен жүргендігін Сарыағаш аудандық полиция бөлімі анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны