04.02.2014, 19:22 3168

Мемлекеттің қатысы бар кәсіпорындарды анықтап, жеке секторға беру бизнесті дамытуға серпін береді - ШҚО бойынша монополияға қарсы инспекцияның басшысы

Елбасының аталған саясаты жеке кәсіпкерлікті дамыту, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорын қызметін жүзеге асыратын тауар нарықтарында да дамыту қажеттілігінен туындаған. Бұл туралы ШҚО бойынша монополияға қарсы инспекцияның басшысы Людмила Устьянцева мәлімдеді.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Елбасының аталған саясаты жеке кәсіпкерлікті дамыту, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорын қызметін жүзеге асыратын тауар нарықтарында да дамыту қажеттілігінен туындаған. Бұл туралы ШҚО бойынша монополияға қарсы инспекцияның басшысы Людмила Устьянцева мәлімдеді.

"Айта кетейік, Елбасының аталған саясаты жеке кәсіпкерлікті дамыту, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорын қызметін жүзеге асыратын тауар нарықтарында да дамыту қажеттілігінен туындаған.

Монополияға қарсы орган бұл бағытта тоқтаусыз жұмыс жасап жатқанын атап өту қажет, себебі 2009 жылы қабылданған "Бәсекелестік туралы" Заңның басты құндылығы мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметке қатысуын заң жүзінде шектеу болып табылады. Аталған нормалар АҚШ, Сингапур, ЕО елдерінен енгізілген және де мұндай шектеу кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте тек Қазақстанда ғана бар және оның тиімділігі біздің Кеден одағы бойынша серіктестіктерімізбен жоғарғы бағаланған", - деді Л. Устьянцева.

Сонымен, 2009-2011 жылдары Инспекциямен, Заңның қабылданған кезінде жұмыс істеп тұрған мемлекеттік кәсіпорындардың, ары қарай қызмет жасауға келісім беру туралы 388 өтінімдері қаралған.

Аталған өтінімдердің қарастыру нәтижесі 26 кәсіпорынға (18-МК, АҚ/ЖШС-8) жекешелендіру қажеттігі, немесе мемлекеттік мекемеге қайта құру туралы нұсқамамен ары қарайғы қызмет етуіне келісім беруден бас тартылған.

Сонымен қатар, монополияға қарсы орган мемлекеттің қатысы бар кәсіпорындарды құруда, мемлекеттік қатысы бар кәсіпорындарды құруға келісім беру туралы тиісті өтінімдерді қарау кезінде бәсекелестік ортаға мемлекеттің негізсіз араласуын болдырмайтынын атап өту қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны