04.06.2014, 23:36 2962

Н.Қаппаров су ресурстарын басқару бағдарламасының 5 индикаторын атады

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров су ресурстарын басқару бағдарламасының 5 индикаторын атады.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров су ресурстарын басқару бағдарламасының 5 индикаторын атады.

"Бағдарлама сумен қамту, су ресурстарын көбейту, ауыз сумен қамту, су жіберу мен экожүйені сақтауға бағытталған 5 мақсатты индикаторға негізделген. 2016 жылға қарай біз сумен қамту деңгейін 14% азайтуымыз керек. Ол үшін республикалық және коммуналдық меншіктегі магистральді және бөлу каналдарын қалпына келтіру мен күрделі жөндеу жұмыстарына қажеттілік бар. Екіншіден, бюджеттен тыс инвестиция, су шаруашылығы инфрақұрылымы құрылысы мен пайдалануға беруді қамтамасыз ететін тариф саясатын жетілдіру", - дейді Н.Қаппаров.

Министр сонымен қатар су шаруашылығы компанияларын құру қажеттілігіне тоқталды.

"Үшіншіден, сумен қамту, су бөлу мен су шаруашылығы секторларындағы су шаруашылығы компанияларын құру мәселесі. Олар заманауи техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілуі керек. Егістікті суландырудың гидромелиоративтік жүйесі құқығына хаттау мен мемлекеттік тіркеу жүргізу, сонымен қатар өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуі керек", - дейді министр.

Сонымен қатар, үшінші және төртінші индикатордың елді-мекендерге су тарту мен сумен қамтамасыз етуге байланысты екенін айтты. "Бесінші индикатор бізді экожүйеге қамқорлық танытуымызды міндеттейді. "Сырдария өзенінің ағысын реттеу мен Арал өзенінің солтүстік бөлігін сақтау" жобасының екінші кезеңін іске асыру жоспарлануда", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны