31.08.2016, 13:02 7411

Н.Назарбаев Астанадағы Қазақ ұлттық хореография академиясын салтанатты түрде ашты

"Мекеме бюджеттен тыс қаржыға салынды. Меніӊ өтінішім бойынша қытайлық CNPC ұлттық компаниясы мен "Самұрық-Қазына" қоры қаражат салды. Бұл Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған сыйлық", -деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана.31 тамыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Қазақ ұлттық хореография академиясын ашты.

"Құрметті қазақстандықтар, ұстаздар мен студенттер сіздерді жаӊа Қазақ ұлттық хореография академиясы құрылысыныӊ аяқталуымен құттықтаймын. Елордамызда тағы да бiр керемет ғимарат бой көтерді, оныӊ бiздiӊ астанамызда ғана емес, бүкiл Орталық Азияда теӊдесi жоқ. Талантты балет, би өнерініӊ ұрпағыныӊ арманы орындалды деп ойлаймын. Хореография академиясы отандық би өнерiнiӊ қара шаӊырағы болатынына сенемiн", - дедi Мемлекет басшысы университеттіӊ салтанатты ашылу барысында.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық хореография академиясына балерина мүсіншесін тапсырды. Ашылу барысында Елбасы айтып өткендей, мүсінше академияныӊ түлектеріне берілетін символға айналады.

"Мен бағалы асыл тастардан жиналған балерина мүсіншесін тапсырғым келеді. Бұл академияныӊ символы болып табылады. Жылдан жылға юұл дәстүр жалғаса бермек", - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық хореография академиясыныӊ ректоры, "Астана Опера" көркем балетініӊ жетекшісі Алтынай Асылмұратоваға тапсыра отырып.

"Мекеме бюджеттен тыс қаржыға салынды. Меніӊ өтінішім бойынша қытайлық CNPC ұлттық компаниясы мен "Самұрық-Қазына" қоры қаражат салды. Бұл Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған сыйлық", -деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық хореография академиясыныӊ ашылу барысында.

"Астанада "Астана опера" театры ашылды, Алматыда Абай атындағы академиялық опера және балет театры, Шымкентте опера және балет театры бар. Қазақстанда бiрнеше би ұжымы да бар. Соныӊ барлығына маман дайындайтын, оқушыларды бiрiншi сыныптан бастап дайындайтын, жоғары бiлiм алып, докторантурасын бiтiрiп шығаратын бұндай мектеп еш жерде жоқ. Бұндай мектептi тек әл-ауқаты күштi мемлекет ғана сала алады. Жағдайы жақсы болғаннан кейiн елдiӊ, халықтыӊ өнерге деген ынтасы артады. Сол кезде ғана салынады бұндай мектеп. Ол жүз жылда, мыӊ жылда бiр-ақ рет салынатын ғимарат, бiлiм ордасы", - дейдi Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттіӊ айтуынша, кешен жас Астананыӊ тағы бір гаухартасына айналды.

"Бүгін жұмыста жігерлілік танытқан сәулетшілерге алғыс айтқым келеді. "Базис А" құрылыс компаниясы аяғына дейін барлық кабинеттер мен кеӊселердіӊ соӊғы жөндеуін жүргізіп өту қажет. Мекеме бюджеттен тыс қаржыға салынды. Меніӊ өтінішім бойынша қытайлық CNPC ұлттық компаниясы мен "Самұрық-Қазына" қоры қаражат салды. Бұл Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына арналған сыйлық", - деді Елбасы.

"Қазақ ұлттық хореография академиясы - Орталық Азиядағы алғашқы салалық жоғарғы оқу орны", -деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хореография академиясыныӊ салтанатты ашылу барысында.

"Академияда дарынды ұрпақтыӊ алаӊсыз бiлiм алып, маман болып шығуына барлық жағдай жасалған. Сабақ алатын, би үйренетiн кластары өз алдына, жатақханасы бар. Мұғалiмдерге, профессорларға жататын орын бар. Барлығы қарастырылған. Мемлекеттiӊ мерейi оныӊ басқа қырларымен де, рухани өнерiнiӊ деӊгейiмен көрiнiп тұруы тиiс. Бұл ретте Академияға зор сенiм артылады. Осыны ескере келе, бiлiм ошағына арнайы "ұлттық жоғары оқу орны" мәртебесi берiлген", - деді Елбасы.

Елбасы айтып өткендей, академияда тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдік өкілдер де білім алады.

"Қазақ хореография академиясы уақыт өте келе Еуразия бойынша би мамандарын дайындайтын орталыққа айналады. Бұндай мектепті тек қана ауқаты күштi мемлекет сала алады. Жағдайы жақсы болғаннан кейiн елдiӊ, халықтыӊ өнерге деген ынтасы артады. Бұндай мектеп сол кезде ғана салынады . Ол жүз жылда, мыӊ жылда бiр ақ рет салынатын ғимарат, бiлiм ордасы", - дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Н.Назарбаев айтып өткендей, орталықтыӊ болашақта даму әлеуеті өте жоғары.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Қазақ ұлттық хореография академиясын салтанатты түрде ашты. Академия астанамызда ғана емес, бүкiл Орталық Азияда теӊдесi жоқ ғимарат болып табылады.

Қазақ ұлттық хореография академия балет өнерініӊ түрлі саласында білім беруді жүзеге асырады және кішкентай кезден кәсіби балет орындаушыларын тегiн дайындайтын болады. Хореография академиясында балет әртістері негізгі жалпы немесе орта жалпы білім базасында кәсіби білім алады.

Білім берудіӊ көпсатылы формасы - Бастапқы білім, Техникалық және кәсіби білім, Жоғары білім (бакалавриат), ЖОО-дан кейінгі білім (магистратура), сонымен қатар ЖОО-дан кейінгі білімнен (докторантура PhD) тұрады. Академия "Балет әртісі", "Би ансамблініӊ әртісі", "Режиссер хореограф", "Хореограф педагог", "Спорттық балдық би педагогы", "Өнертану" және "Арт-менеджмент" мамандықтары бойынша кадрлар даярлайтын болады. Аталған оқу ордасыныӊ шәкірттері тұратын орны мен медициналық қызметке төлемейді. 2016 жылдыӊ мамырында Академияға студенттер қабылдана бастаған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны