28.11.2012, 18:08 2817

Н.Назарбаев Бас прокуратураға жыл соңына дейін мемлекеттік органдарды жөнсіз тексеру мәселесін қарастыруды тапсырды

Президент шағын және орта бизнесті тексерулер жүйелі түрде қысқарғанын атап өтті. Алайда, тексерулер енді жергілікті мемлекеттік органдардың маңайында шоғырланғандығын сынға алды. Осы орайда Н. Назарбаев ҚР Бас прокуратурасына биылғы жылдың соңына дейін мемлекеттік органдарды жөнсіз тексеру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Астана. 28-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокуратураға мемлекеттік органдарды қисынсыз тексеру мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін аталған кеңестің қорытындысы бойынша брифингте ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев айтты.

Президент шағын және орта бизнесті тексерулер жүйелі түрде қысқарғанын атап өтті. Алайда, тексерулер енді жергілікті мемлекеттік органдардың маңайында шоғырланғандығын сынға алды. Осы орайда Н. Назарбаев ҚР Бас прокуратурасына биылғы жылдың соңына дейін мемлекеттік органдарды жөнсіз тексеру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев соңғы кезде тексерулер көлемі қысқармай отырғандығын, керісінше, артып келе жатқандығын айтқан болатын. Осы орайда ол, бұл тұрғыда тиісті тәртіп керектігін сұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны