12.06.2014, 21:28 1155

Н. Назарбаев "Гленкор Экстрата" компаниясының атқарушы директорымен кездесті

Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аясында "Гленкор Экстрата" компаниясының бас атқарушы директоры Айван Глазенбергті қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аясында "Гленкор Экстрата" компаниясының бас атқарушы директоры Айван Глазенбергті қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында энергетика, тау-кен металлургия және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Автомобиль, металлургия, азық-түлік және энергетика салаларында жұмыс істейтін "Гленкор Экстрата" компаниясы өнеркәсіптік және шикізаттық тауарлар жеткізетін әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі саналады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны