27.07.2015, 22:01 3560

Н.Назарбаев Қазақстанныӊ Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттаманы рәсімдеді

Бүгін Дүниежүзілік сауда ұйымы бас кеӊесініӊ отырысыныӊ қорытындысында Қазақстанныӊ Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды. Құжатты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо рәсімдеді

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Дүниежүзілік сауда ұйымы бас кеӊесініӊ отырысыныӊ қорытындысында Қазақстанныӊ Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды. Құжатты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо рәсімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осыдан кейін Р.Азеведо Қазақстан Президентіне Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткендігін ресми қуаттайтын "Қазақстан" деген жазуы бар арнайы тақтайшаны табыс етті.

Ресми шара аяқталғаннан кейін ДСҰ хатшылығы мен қазақстандық делегация мүшелері естелік суретке түсті.

Қазақстан Президенті ДСҰ-ға мүше елдер өкілдеріне жан-жақты ынтымақтастықтары үшін шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар Қазақстанныӊ ұйымға мүше барлық елдердіӊ экономикалары мен халықтардыӊ мүддесіне сай жұмыстарды одан ары жалғастыруға дайын екендігін айрықша атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны