13.05.2014, 20:32 1457

Н. Назарбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады

Сондай-ақ, 21 мамырда Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысады деп жоспарланған, онда тұрақтылық пен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қарастырылады.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Ақорданың ресми порталында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы шаралар анонсы жарияланған.

"Қазақстан Президенті 19-20 мамырда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруы бойынша Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қытай компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 21 мамырда Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысады деп жоспарланған, онда тұрақтылық пен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қарастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны