12.06.2014, 21:57 3137

Н.Назарбаев Toyota Fortuner автокөлігі өндірісін іске қосты

Бүгін Бурабайда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы аясында өткен "Бурабай-Қостанай" телекөпірі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Toyota Fortuner автокөлігінің өндірісін іске қосты.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Бурабайда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы аясында өткен "Бурабай-Қостанай" телекөпірі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Toyota Fortuner автокөлігінің өндірісін іске қосты.

Toyota Fortuner автокөлігін шығаратын өндіріс орны "СарыарқаАвтоПром" ЖШС-інің техникалық базасында ашылып отыр. Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" зауыты бүгінгі күні Орталық Азиядағы Toyota көлігін шығаратын жалғыз өндіріс алаңы. Toyota компаниясы техникалық нұсқаулық пен барлық қажетті стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта кәсіпорын Toyota Fortuner автокөлігін шығаруға толығымен дайын.

Зауытта жылына шамамен 3 мыңға тарта көлік шығару жоспарланған. Жоба аясында жаңа жұмысы орындары ашылып, арнайы техникалық дайындықтан өткен 100 қазақстандық маман жұмысқа тартылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны