01.10.2018, 14:00 4049

Н.Назарбаев: "Түркістанныӊ тарихы - барша қазақтыӊ тарихы"

Түркістан облысыныӊ орталығы - Түркістан қаласына ресми сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шаһардағы "Этноауыл" алаӊында ұйымдастырылған "Түркістанға оралу" салтанатты іс-шарасыныӊ құрметті қонағы болды.

Түркістан. 1 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысыныӊ орталығы - Түркістан қаласына ресми сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шаһардағы "Этноауыл" алаӊында ұйымдастырылған "Түркістанға оралу" салтанатты іс-шарасыныӊ құрметті қонағы болды.

Мемлекет басшысы алаӊға жиналған көпшілікті Түркістан облысыныӊ құрылуымен құттықтады.

"Түркістан - біздіӊ халқымыз үшін үлкен маӊызға ие. Орта Азиядағы көне де қасиетті қалалардыӊ бірегейі. 2000 жылы біз Түркістанныӊ 1500 жылдығын атап өттік. Мұнда қазақ халқыныӊ ұлы тұлғалары мен қайраткерлері жерленген. Тарихымыздыӊ қилы кезеӊдерінде бұл жерде ұлтымыздыӊ болашағына қатысты маӊызды шешімдер қабылданған. Жалпы, Түркістанныӊ тарихы - күллі қазақ халқыныӊ тарихы", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Президент Түркістанныӊ түркі халықтары үшін де аса маӊызды қала екендігіне тоқталып, қабылданған Жарлыққа сәйкес қала жаӊа биіктерді бағындыратынына сенім білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанды ілгерілету ісінде барша тұрғындарға табыс тіледі.

Жиында Түркістан қалалық ардаргерлер кеӊесініӊ төрағасы Жарылқасын Изіретбергенұлы Елбасыныӊ бұл Түркістанға 15-сапары екендігін айтып, ел үшін атқарып жатқан ерен еӊбектеріне алғыс білдірді..

Сонымен қатар, Түркістан қаласыныӊ тұрғыны, білім саласыныӊ қызметкері Зияева Мөлдір облыс орталығы атанған Түркістан қаласына Мемлекет басшысыныӊ 29 қыркүйектегі сапарына орай қала күнін осы датаға белгілеуді ұсынды. Елбасы тосын ұсынысқа өз разылығын білдірді.

Алқалы жиында Түркістан жұрты ҚР Президенті Н.И.Назарбаевты зор ықыласпен шығарып салды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны