22.05.2018, 11:39 5713

Н.Нығматулин РФ Мемлекеттік Думасыныӊ спикері В. Володинмен кездесті

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты сөз еткен Мәжіліс Төрағасы жоғары деӊгейдегі кездесулер мен жеткен жетістіктер стратегиялық әріптес саналатын қос мемлекеттіӊ өзара іс-қимылдыӊ жарқын үлгісіне айналғандығын атап өтті.

Астана. 22 мамыр Kazakhstan Today -21мамырда Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейге ресми сапары барысында РФ Мемлекеттік Думасыныӊ спикері Вячеслав Володинмен кездесті

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты сөз еткен Мәжіліс Төрағасы жоғары деӊгейдегі кездесулер мен жеткен жетістіктер стратегиялық әріптес саналатын қос мемлекеттіӊ өзара іс-қимылдыӊ жарқын үлгісіне айналғандығын атап өтті.

Н. Нығматулинніӊ пікірінше, біздіӊ елдеріміз арасында сенімді саяси үнқатысу орнап, тереӊ экономикалық байланыстар орнаған, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жыл сайын нығайып келеді. Мәжіліс Спикері атап өткендей, бұл Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинніӊ өзара түсіністік пен достыққа негізделген бірлескен тиімді жұмысыныӊ нәтижесі.

Н.Нығматулин екі ел басшыларыныӊ келісімдерін заӊнамалық тұрғыдан қолдауға ерекше назар аударды.

Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин Мәжіліс делегациясыныӊ ресми сапарыныӊ маӊыздылығына тоқталды. Бұл соӊғы 10 жылдағы алғашқы сапар. В.Володин қазақстандық және ресейлік депутаттардыӊ бүгінгі кездесулері парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға тыӊ серпін беретінін айтты.

Жүздесу барысында Парламенттер палаталарыныӊ басшылары Мемлекеттік Дума мен Парламент Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық туралы палатааралық парламенттік комиссияныӊ, бейінді комитеттер мен достық топтарыныӊ әлеуетін тиімді пайдалануға уағдаласты, деп хабарлайды Мәжіліс аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны