15.01.2021, 18:54 16237

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы қызметіне сайланды

Нұр-Сұлтан. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - VII шақырылымдағы Мәжіліс Төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулин сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасап. 
 
Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады. 
 
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасын сайлау туралы Мәжілістің Қаулысы қабылданғаннан кейін Нұрлан Нығматулин: 
 

Ең алдымен, мені тағы да осы жоғары лауазымды қызметке, Мәжіліс Төрағасы ретінде сайлағандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Ең біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан, әрқашанда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзіме жүктеген міндеттерін жоғары деңгейде орындау үшін, сіздердің және біздің сайлаушылардың сенімдерін ақтау үшін мен барлық жинаған білімімді, жинаған тәжірибемді жұмсайтын боламын", - деді Нұрлан Нығматулин.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны