Система Orphus

Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегеновамен кездесті

09.12.2019, 17:00 811

Алматы. 9 желтоқсан. Kazakhstan - Елбасы КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегеновамен кездесті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті опера әншісінің шығармашылығымен алғаш танысқан кездегі естеліктермен бөлісті.

- Сіз халқымыздың шынайы махаббатына ие болдыңыз. Сізге ұзақ өмір, сарқылмас қуат және көрермендердің шексіз қошеметіне бөлене беруіңізді тілеймін. Бірер күн бұрын керемет концертіңіз өтті. Әдеттегідей көрермендердің жоғары бағасына ие болды, - деді Елбасы.

Өз кезегінде Б.Төлегенова Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өткен вокалистердің X байқауының нәтижелері туралы айтты.

- Қамқорлық танытып жүргеніңізге ризамын. Отандық мәдениет пен өнер саласын дамытуға қолдау көрсетіп жатқаныңыз үшін алғыс білдіремін, - деді КСРО халық әртісі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны