19.07.2019, 22:01 7908

"Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік!" жыл сайынғы акциясы өтуде

Жолдың бұзылу негізгі факторы жол берілетін салмақ параметрлерінен асатын ауыр салмақты көлік құралдарының өтуі көп жағдайда бұл карьерлерде, инертті материалдар жинағыштарында және асфальт зауыттарында жүзеге асырылатын Қытай өндірісінің жүкті өзі аударатын көліктері болып табылады.

Нұр-Сұлтан. 19 шілде. Kazakhstan Today - Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Көлік комитеті 2019 жылғы 21 мамыр мен 31 тамыз аралығында "Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік!" жыл сайынғы акциясы өтуде. Жолдың бұзылу негізгі факторы жол берілетін салмақ параметрлерінен асатын ауыр салмақты көлік құралдарының өтуі көп жағдайда бұл карьерлерде, инертті материалдар жинағыштарында және асфальт зауыттарында жүзеге асырылатын Қытай өндірісінің жүкті өзі аударатын көліктері болып табылады.

Ағымдағы жылдың 16 шілдеде Нұр - Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері қызмет атқару кезінде "HOWO" автокөлігінің жүргізушісі А.Тәженов тоқтату туралы заңды талаптарды елемей, "Нұр-Сұлтан-Қарағанды" автожолында көліктік бақылау бекетінің екі инспекторын қағып, сонымен қатар,жылжымалы көліктік бақылау инспекторларының көлігіне соқтығысқан.

Оқиға орнына Көлік комитетінің мамандары, жол полициясының қызметкерлері және жедел жәрдем мамандары келді. Зардап шеккен қызметкерлер ауруханаға жеткізілді.

Көліктік бақылау жүргізу барысында автокөлік құралының жалпы салмағы мен осьтік жүктемесінің 10 тоннадан асқаны анықталды, бұл ретте АКҚ жарақтандырылған жалпы салмағы 45 тоннаны (асфальт жүгі) құрады, бұл белгіленген рұқсат етілген параметрлерден 2 есе артық.

Көліктік бақылау нәтижелері бойынша 5 әкімшілік материал ресімделді, оның ішінде жүргізушіге қатысты екеу, тасымалдаушыға қатысты үшеу (жүктерді тасымалдау ережесін бұзғаны үшін, КТҚ-ның болмауы, көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны үшін, салмақ параметрлеріне кедергі келтіргені және артқаны үшін).

Көліктік бақылау қызметкерлерін қасақана қағып кету фактісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Өткен жылы көлік бақылау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына АКҚ тоқтамау фактілері бойынша ішкі істер органдарына құқық бұзушыларды көлік инспекцияларына мәжбүрлеп жеткізу үшін 13 хат жолданды.

Бұдан басқа, автожолдардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді арттыру мақсатында Көлік комитеті 2019 жылғы 27 сәуірден бастап халықтың белсенді бөлігінен ахуалдық орталықтың "Whatsapp" мессенджеріне +77080880800 нөмірі бойынша жалпы пайдаланымдағы жолдар бойынша инертті жүктерді тасымалдайтын ауыр салмақты өзі аударғыштардың жүру фактілері бойынша бейнеайналымды қабылдау акциясын бастады. Барлық келіп түскен бейнехаттар бойынша аумақтық инспекциялар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны