08.01.2022, 18:15 406

Назарбаев Нұр-Сұлтанда – Үкібай

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста.
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚАҢТАР - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 

Елбасы Қазақстанның елордасы Нұр-Cұлтан қаласында орналасқан. Көрінеу жалған және алыпсатарлық ақпаратты таратпауды сұраймыз. Елбасы бірқатар консультативтік кездесулер өткізіп, Қазақстан Gрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста", - деді Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

 
Белгілі болғандай, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға достас мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.
 

Елбасы барлығын ағымдағы сын-қатерлерді еңсеру және еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Президентінің айналасына топтасуға шақырады", - делінген хабарламада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны