27.11.2012, 16:13 3337

Назарбаев осы аптада барлық деңгей әкімдерімен кеңес өткізеді

"28 қараша Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен кеңейтілген кеңес өткізіледі. Оған барлық деңгей әкімдері қатысады", - деп А.Абибуллаев бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Астана. 26-қараша. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада барлық деңгей әкімдерімен кеңес өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы президент жанынжағы орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Алтай Абибуллаев мәлімдеді.

"28 қараша Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен кеңейтілген кеңес өткізіледі. Оған барлық деңгей әкімдері қатысады", - деп А.Абибуллаев бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Кеңесте аймақтарды дамыту, әлеуметтік-экономикалық тапсырмалар, сондай-ақ облыстарда мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен инвестиция тарту, индустриалдық-инновациялық жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны