11.06.2014, 19:55 2623

Назарбаев университеті айналасында ҒЗИ мен корпоративтік орталықтар белдеуі құрылады - Г.Ибдіхалықова

"Таяу перспективада Назарбаев университеті базасында ғылыми саябақ, жоғары технологиялы индустриалық алаң құру жоспарланған. Саябақ ғылыми-зерттеу институттарының, корпоративтік орталықтардың және ірі жоғары технологиялы компаниялардың белдеуін қалыптастыруды қарастырады, олар Назарбаев университетінің ғылыми орталықтарымен, мектептерімен өзара тығыз әрекет етеді", - деді Г.Ибдіхалықова.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. Назарбаев университеті айналасында ғылыми-зерттеу институттарының (ҒЗИ), корпоративтік орталықтар мен ірі жоғары технологиялы компаниялардың белдеуі жасалады, деп хабарлады бүгін Жоғарғы Білім Көшбасшыларының ІІІ Еуразиялық Форумы барысында Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Ибдіхалықова , деп Primeminister.kz хабарлады.

"Таяу перспективада Назарбаев университеті базасында ғылыми саябақ, жоғары технологиялы индустриалық алаң құру жоспарланған. Саябақ ғылыми-зерттеу институттарының, корпоративтік орталықтардың және ірі жоғары технологиялы компаниялардың белдеуін қалыптастыруды қарастырады, олар Назарбаев университетінің ғылыми орталықтарымен, мектептерімен өзара тығыз әрекет етеді", - деді Г.Ибдіхалықова.

Оның айтуынша, бүгінде Назарбаев университетінде мына бағыттар бойынша 45 ғылыми жоба жүзеге асырылады: жаңартылмалы энергетика, қоршаған орта, компьютерлік технологиялар, биохимия, робототехника, физика.

Сондай-ақ вице-премьер елдің жеделдетілген дамуы ғылым мен бизнестің өзара байланысы кезінде мүмкін болатынын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны