16.06.2017, 14:18 6307

Нидерланд бүкіл өндіретін энергиясыныӊ 4,5%-ын жел секілді жаӊартылмалы қуат көздерінен өндіреді

Нидерланд ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын бірінші болып растаған елдердіӊ бірі екені белгілі. Голландиялықтар халықаралық көрме аясында екі павильонын, атап айтқанда ұлттық павильон мен "Royal Dutch Shell" атты корпоративтік павильонды таныстырып отыр.

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Нидерланд ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды Қазақстанмен ары қарайғы тығыз ынтымақтастықты жалғастырудыӊ жолы деп қарастырады.

Нидерланд ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын бірінші болып растаған елдердіӊ бірі екені белгілі. Голландиялықтар халықаралық көрме аясында екі павильонын, атап айтқанда ұлттық павильон мен "Royal Dutch Shell" атты корпоративтік павильондытаныстырып отыр. Аталған ел тұрақты даму саласындағы соӊғы жетістерімен таныстыру Қазақстан Республикасы мен Нидерланд корольдігі арасындағы екі жақты қарым-қатынастыӊ жаӊа парағын ашатынына сенімді.

Қазақстанныӊ стратегиялық серіктесі

Қазақстан мен Нидерланд арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылып, тараптар биыл 25 жылдық ынтымақтастығын атап өтуде. Нидерланд павильоны басшылығыныӊ ойынша, торқалы жылдыӊ ЭКСПО-2017 көрмесімен тұспа-тұс келуі екі ел арасындағы іскерлік қатынастарды ары қарай нығайта түспек. Қазақстан мен Нидерландты табысты экономикалық ынтымақтастық, әсіресе, энергетика саласындағы серіктестік байланыстырып келеді. Сондықтан да Астанадағы ЭКСПО көрмесініӊ тақырыбы, атап айтқанда, жасыл энергетикаға көшу және энергия тиімділігімен байланысты мәселелер голландиялықтар үшін зор мәнге ие.

"ЭКСПО халықаралық көрмесіне қатысу арқылы біз көрме қонақтарыныӊ энергия тиімділігіне қатысты хабардарлығын арттырып, болашақ энергиясыныӊ мәселелерін Қазақстанмен ғана емес, сондай-ақ, басқа да елдермен бірлесе шешуге ниеттіміз. Голландиялықтардыӊ ойлау жүйесі осы бағытқа жақсы бастау бере алатынына біз сенімдіміз", - деді журналистерге арналған баспасөз сапары кезінде Нидерланд павильоныныӊ жетекшісі Эвелин Бэлл.

Нидерланд корольдігі Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық серіктесі ретінде қарастырады. Аймақтағы елдердіӊ ішінде тек Қазақстанныӊ ғана Нидерландта елшілігі бар екені осыны айғақтайды. Өз кезегінде, Орталық Азия аймағындағы Нидерланд елшілігі тек Астанада ғана қызметін жүргізуде.

Павильонныӊ құрылу идеясы

Павильон жетекшісі Эвелин Бэлдіӊ айтуынша, НидерландтыӊЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатыны жөнінде шешім қабылданған соӊ, елдіӊ Сыртқы істер министрлігі Астанадағы павильон үшін еӊ үздік идеяны ұсыну жөнінде креативтік голландиялық компаниялар арасында байқау өткізген.

"Қазірдіӊ өзінде болашақ энергиясын пайдаланып, сан алуан идеяларды ойлап тауып отырған, теӊіз деӊгейінен төмен орналасқан шағын ел жайлы идеясын Conspiracysinc креативтік агенттігі ұсынып, ол байқау аясында жеӊімпаз атанды. Кейін Hypsos компаниясы павильонныӊ дизайнын дайындауға кірісіп, оныӊ құрылысымен айналысты. Сонымен қатар, осы іске белсенді атсалысқан Mann CG компаниясыныӊ голографиялық 3D-жобалау технологиясы павильонды салу кезінде қолданылды. Нидерландтыӊ әлемге сыйлағанжетістіктерініӊ бірі -атақты кескіндеме мектебі павильон дизайнында көрініс тапқан. Павильон мен оныӊ қызметкерлерініӊ киімін дайындау кезінде дизайнерлер өз өнерінде қарапайым анық сызықтарды қолданған голландиялық кескіндемеші Пит Мондрианныӊ жұмыстарынан шабыттанды", - деп атап өтті Бэлл ханым баспасөз сапары кезінде.

Павильонныӊ келбеті

Нидерланд павильоны өте қарапайым түрде безендендірілгенімен, онда голландиялықтардыӊ дүниетанымы мен өмір салты айшықталған. "Біз өзініӊ зор көріністерімен көрме қонақтарын таӊғалдыратын еӊ технологиялық, аса инновациялық павильонды жасауды көздеген жоқпыз. Павильонныӊ идеясы оныӊ қарапайым әрі ықшамды болмысында жатыр, өйткені голландиялықтар қарапайым әрі тиімді шешімдерді жөн көреді. Сонымен бірге, біз инновациялар, бірінші кезекте, әрбір адамныӊ жасампаздығына негізделеді деп сенеміз. Ал қоршаған ортаға мейлінше жайлы әсерін тигізетін болашақ энергиясы әрдайым жасампаз тыӊ шешімдерді қажет ететіндігі белгілі", - деп сөзін жалғастырды Эвелин Бэлл.

Нидерланд географиялық карта бетінде еӊ жайлы жерде орналаспағанымен, голландиялықтар өздерініӊ инновациялары арқасында осы бір "кемшілігін" өз пайдасына жарата білді. Корольдік жыл сайын әлемдегі еӊ инновациялық елдердіӊ қатарына кіріп отырады.

Нидерланд павильоны үш залдан тұрады. Біріншісінде голландиялықтардыӊ жетістіктері және ел жайлы ақпарат ұсынылған. Екінші залда көрме қонақтары голландиялық дүниетанымныӊ жетістіктерін 3D түріндегі бейне арқылы тамашалай алады.

Интерактивтік үшінші павильонда голландиялықтардыӊ баламалы энергия көздерін қолдану аясында ойлап тапқан озық жобаларымен танысуға алады.

Осы тұста Нидерланд бүкіл өндіретін энергиясыныӊ 4,5%-ын жел секілді жаӊартылмалы қуат көздерінен өндіретінін атап өту қажет. Мәселен, 48 турбинадан тұратын сағатына 500 Кв энергияны өндіретін Westermeerwind жел станциясыныӊ бір өзі 160 000 үйді және ел ішіндегі әрбір үшінші пойызды энергиямен қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар, үшінші залда Holland Innovation Challenge бағдарламасы туралы ақпарат алуға болады. Қазақстан мен Нидерланд бұл бірлескен жобасы ЭКСПО-2017 көрмесінен 6 ай бұрын басталған болатын. Екі елдіӊ инноваторлары, сарапшылары, әртістері, студенттері мен дизайнерлері энергетика мәселесімен байланысты үш идея аясында жұмыс жүргізеді. Жоба нәтижелері Нидерландтыӊ 22 маусым күні атап өтілетін Ұлттық күні кезінде таныстырылатын болады.

Павильон қызметкерлері іріктеуден өткен қазақстандықтардан құралған. Осылайша жобаға атсалысып отырған олар павильонда ауысыммен жұмыс жасап, көрме қонақтарын голландиялық инновациялармен таныстыруда.

Қазақстан мен Нидерланд арасындағы іскерлік қатынастар

Қазіргі таӊда Нидерланд - Қазақстан экономикасына инвестиция құйып отырған жетекші ел. ҚР Ұлттық банкініӊ соӊғы мәліметтеріне сүйенсек, 2005 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықта Нидерландтан ҚР-на құйылған жалпы инвестиция көлемі 71,7 млрд. АҚШ долларын құраған.

Сондай-ақ, ҚР-ныӊ шетелдік сауда серіктестері арасында Нидерланд Ресей (2016 жылы ҚР мен Ресей арасындағы сауда айналымы 12,638 млрд. АҚШ долларын құрады), Италия (8,309 млрд. АҚШ доллары) және Қытайдан (7,880 млрд. АҚШ доллары) кейін төртінші орында тұр.

Нидерланд капиталыныӊ қатысуымен құрылған кәсіпорындар Қазақстанда геологиялық барлау және игеру, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және қызметтер сынды салаларда қызмет жасайды. 40-тан аса голландиялық ауылшаруашылық кәсіпорны Қазақстанда қызметін жүргізуде.

ҚР Үкіметініӊ мәліметі бойынша Қазақстанда 900-ден аса бірлескен кәсіпорын жұмыс жасайды, олардыӊ басым көпшілігі мұнай және газ, геологиялық барлау, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын жеткізу, фармацевтика және медицина, халық тұтынатын тауарлар өндірісі секілді салаларда қызмет етеді.

2014 жылдан бастап "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Нидерландтыӊ өнеркәсіп иелері мен жұмысшыларыныӊ конфедерациясы (VNO-NCW) арасында Іскерлік кеӊес жұмыс жасап келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны