30.06.2014, 22:56 7094

"Нұр Отан" партиясында мүгедектерді жұмыспен қамту проблемалары талқыланды

Мүгедектігі бар ең көп жұмысқа тұрғандардың саны Оңтүстік Қазақстан облысында - 891 (16,0%), Алматы - 810 (14,5%) және Павлодар облыстарында - 563 (10,5% ). Ең аз жұмыспен қамтылған мүгедектер Астана қаласы - 118 (2,1%), Ақмола облысы -120 (2,1%), Маңғыстау облысы - 135 (2,4%). Үшінші топтағы мүгедектердің арасында жұмысқа орналасқандар көп (76%).

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. Бүгінгі күні партияның Орталық аппаратындағы селекторлық кеңесте бірқатар орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Нұр Отан" партиясының Фракциясы мүшелерінің, бейінді мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерінің және партияның аймақтық филиалдары басшыларының қатысуымен мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын төлқұжаттау, мүгедектердің еңбекке қабілеттілік өлшемдерін айқындау, инклюзивті білім беру, көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету және түрлі бағытта кедергісіз орта жасау мәселелері талқыланды, деп партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында мүгедектердің құқықтарын іске асыру жүйесі жетілдіруді қажет ететіндігі атап өтілді. "Кедергісіз келешек" жобасы аясында 600 мүгедектен алынған сауалнаманың деректері оған айғақ бола алады.

Атап айтсақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрліктері бірлесіп мүгедектіктің сипаты ескерілген, жұмыс шартының талабын әзірлеуі тиіс. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру барысында олардың денсаулық жағдайы мен жасы ескерілмейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мүгедектер жұмысбастылығының бақылау жүйесін енгізу қажет. Көп жағдайда арнайы білім мен тәжірибені қажет ететін жұмысқа кәсіби білімі жоқ мүгедектерді қабылдап жатады (117 оқиға). Орта білімі ғана бар мүгедектер заңгер, мұғалім, инженер-электрик және тағы да басқа мамандық иелері ретінде тіркеліп кеткен.

Аймақтардан алынған мәлімет бойынша 2014 жылдың қаңтарынан маусымына дейін 5 584 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты, олардың ішінде тұрақты жұмыс орны барлары 2 578 (46,2%). Мүгедектігі бар ең көп жұмысқа тұрғандардың саны Оңтүстік Қазақстан облысында - 891 (16,0%), Алматы - 810 (14,5%) және Павлодар облыстарында - 563 (10,5% ). Ең аз жұмыспен қамтылған мүгедектер Астана қаласы - 118 (2,1%), Ақмола облысы -120 (2,1%), Маңғыстау облысы - 135 (2,4%). Үшінші топтағы мүгедектердің арасында жұмысқа орналасқандар көп (76%).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны