06.02.2017, 18:53 4461

Нұрсұлтан Назарбаев Чех Республикасы Парламентініӊ Депутаттар палатасыныӊ төрағасы Ян Гамачекпен кездесті

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтыӊ нәтижелері мен перспективалары талқыланды.

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Чех Республикасы Парламентініӊ Депутаттар палатасыныӊ төрағасы Ян Гамачекпен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтыӊ нәтижелері мен перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы парламентаралық кооперациясыныӊ маӊыздылығын атап өтіп, екі елдіӊ экономика және саясат саласындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытуға Қазақстанныӊ әзір екенін жеткізді.

- Сіздіӊ сапарыӊыз өте маӊызды. Чех Республикасымен арамызда әуел бастан-ақ достық қарым-қатынас орнады. Чех Республикасыныӊ Президенті М.Земан бізде қонақ болды. Енді оныӊ "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ ашылуына келуін күтеміз, - деді Қазақстан Президенті.

Чех Республикасы Парламентініӊ Депутаттар палатасыныӊ төрағасы 25 жыл ішінде қуатты да тұрақты мемлекет құрған Қазақстан халқы тарихыныӊ бірегей сипатына тоқталып өтті.

Соӊында Я.Гамачек Нұрсұлтан Назарбаевты тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығымен құттықтап, жас мемлекетіміздіӊ одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны