18.04.2012, 10:49 3444

Нұрсұлтан Назарбаев экс-премьер Махатхир Мохаммедпен бейресми кездесті

Екі елдің көшбасшылары жылы шырайлы, достық жағдайда кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейресми жағдайда Малайзияның бұрынғы Премьер-министрі Махатхир Мохаммадпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Екі елдің көшбасшылары жылы шырайлы, достық жағдайда кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Малайзия Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болды және болып қала береді.

"Біз Малайзияның заманауи, ғылымды қажет ететін экономиканы және инновацияны дамыту үшін тиімді инфрақұрылымды құрудағы табыстарын зейін салып қадағаладық. Қазақстан Сіздің елдеріңізбен жан-жақты, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті", - деді мемлекет басшысы.

Өз кезегінде М.Мохаммад республиканың этникааралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі бірегей тәжірибесін атап өтіп, Қазақстанның тәуелсіздіктің 20 жылында қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады.

"Қазақстан - саяси және экономикалық реформаларды іске асыруда барлық жас ұлттарға ойластырылған және көреген қадамдарымен үлгі көрсеткен, Орталық Азиядағы жетекші мемлекет. Қысқа мерзімде Сіздің елдеріңіз тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Мен Сіздің бастап берген шикізаттық экономикадан жоғары технологияға өту Қазақстанды XXI ғасырдағы ең табысты мемлекеттердің қатарына қосатынына сенемін", - деді Махатхир Мохаммад Мемлекет басшысымен әңгімесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны