31.08.2018, 15:01 9099

Нұрсұлтан Назарбаев ел халқын Конституция күнімен құттықтады

Конституция мемлекеттілігіміздіӊ берік іргетасын қалай отырып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты.

Астана. 30 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Қымбатты отандастар!

Баршаӊызды Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Еліміздіӊ Ата заӊы уақыт сынынан сүрінбей өтіп, тарихи дамуымыздыӊ жалпыұлттық бағдарын айқындауда басты мәнге ие болып отырғанын дәлелдеді.

Конституция мемлекеттілігіміздіӊ берік іргетасын қалай отырып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты.

Ата заӊымызда жарияланған заӊ үстемдігі, құқықтар мен бостандықтардыӊ мүлтіксіз сақталу қағидаттары, әлеуметтік кепілдіктер мен жалпы адамзатқа ортақ жоғары құндылықтар әрбір азаматтыӊ жанына жақын әрі түсінікті.

Қазіргі кезеӊдегі қоғамдық және мемлекеттік құрылыстыӊ конституциялық нормалары - бүкіл Қазақстан халқы үшін сенімді болашақты қамтамасыз ететін дәйекті даму мен жаӊғыру үдерістерініӊ негізі!

Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, игі бастамалар мен бақ-береке тілеймін!",- делінген құттықтауда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны