31.05.2010, 18:29 7186

Нұрсұлтан Назарбаев "Эни" концернінің бас атқарушы директоры Паоло Скарониді қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев "Эни" концернінің бас атқарушы директоры Паоло Скарониді қабылдады

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Эни" концернінің бас атқарушы директоры Паоло Скарониді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, П.Скарони президентке концерннің ағымдағы қызметі мен Қазақстандағы жұмыс жоспарлары туралы хабардар етті.

Иңгімелесу барысында "Эни" Қазақстанның мұнайгаз саласындағы ірі инвесторлардың бірі болып табылатыны атап өтілді.

"Біз Қарашығанық және Қашаған жобаларына қатысты кейбір жұмыс тәсілдерін, сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Италия Премьер-Министрі Сильвио Берлусконидің қатысуымен 2009 жылғы қарашада Римде қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумның барлық позициясын талқыладық. Бұл құжат "Эни" мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық үшін, бәрінен бұрын, газ, мұнай өңдеу, мұнайгаз саласының өзге салаларындағы жобаларға жаңа көкжиектер ашады", - деді П.Скарони журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны