09.11.2016, 10:41 4142

Нұрсұлтан Назарбаев Хиросима қаласындағы Бейбітшілік мемориалды саябағында болды

Мемлекет басшысы осы саябақтағы 1945 жылы атом бомбасынан құрбан болғандарды еске алуға арналған Кенотафқа гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Хиросима қаласындағы Бейбітшілік мемориалды саябағында болды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы осы саябақтағы 1945 жылы атом бомбасынан құрбан болғандарды еске алуға арналған Кенотафқа гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Бейбітшілік мемориалды музейініӊ экспозициясын аралап көрді.

Осы елге сапары барысында Елбасы Жапонияныӊ сыртқы істер министрі Фумио Кисидамен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Жапонияныӊ өзара іс-қимылыныӊ түрлі аспектілері талқыланып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапония серіктестігініӊ жоғары деӊгейге жеткенін және сапар аясында өтіп жатқан келіссөздер алдағы уақытта оныӊ аясын кеӊейтуге бағытталатынын атап өтті.

- Біздіӊ елдеріміз ядролық қарудыӊ зардабын тікелей өз басынан өткерді. Жапония мен Қазақстан антиядролық қозғалыстыӊ көшбасшылары болып саналады. Бұл жұмысты біз бірлесіп жалғастырамыз деп сенемін. Меніӊ Хиросимаға алдағы сапарымныӊ мақсаты - жапон халқымен ниеттестігімізді білдіру, біз ХХІ ғасырда ядролық қарусыз әлем қалыптастыру жолында бірлесе жұмыс жүргізудеміз, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті екі елдіӊ халықаралық аренадағы өзара іс-қимылыныӊ белсенді түрде жүргізіліп отырғанына назар аударды.

- Жапония дипломатиясыныӊ барлық бағытта, соныӊ ішінде Орталық Азиядағы белсенділігін атап өткім келеді. Жапония мен Қазақстанныӊ бүкіл халықаралық істерге қатысты ұстанымдары ұқсас, - еді Елбасы.

Ф.Кисида Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Жапония Премьер-министрімен өткізген келіссөзініӊ жемісті болғанын айтты.

- Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі Сіздіӊ көшбасшылығыӊызға шынайы құрметпен қараймыз. Қазақстанныӊ БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі болып сайлануы - Сіздіӊ табысты жетекшілік етуіӊіздіӊ көрсеткіші, - деді Жапония сыртқы істер министрі.

Сондай-ақ, Токиода Мемлекет басшысы "Токай" университетінде болды.

Қазақстан Президенті университетті аралау барысында күннен қуат алатын "Токай челленджер" автокөлігін көріп, "Болашақ" бағдарламасы бойынша осында оқып жатқан қазақстандық студенттермен әӊгімелесті.

Елбасы оқу орныныӊ ұжымы алдында сөйлеген сөзінде "Токай" университеті мен Назарбаев Университеті арасында қалыптасқан серіктестік қарым-қатынасқа назар аударды.

- Бүгінде Астана Еуразияныӊ ірі ғылыми және білім беру орталығыныӊ біріне айналды. Біз қазір жастарды білім алу үшін өзіміздіӊ университетімізге тартудамыз. Онда жапон жастары да оқитын болады деп үміттенеміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы республикамызда ғылымды қамтитын экономика қалыптастыру үшін екі зияткерлік-инновациялық кластер - Назарбаев Университетініӊ "Астана бизнес кампусы" хайтек-паркі және Алматы қаласында "Алатау" технопаркі ашылғанын айтты.

- "Токай" университетін осы ғылыми-инновациялық орталықтармен белсене ынтымақтасуға шақырамын, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды "Токай" университетініӊ алдағы 2017 жылы атап өтілетін 75 жылдығымен құттықтап, Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасы барлық бағытта одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Елбасыға Жапонияныӊ жетекші білім беретін және ғылыми-зерттеу орталығы болып саналатын "Токай" университетініӊ Инженерлік ғылымдар құрметті докторы дәрежесі берілді.

"Токай" университетініӊ ректоры Ямада Киеси Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрметті доктор дәрежесініӊ дипломы мен медалі тәуелсіздік кезеӊінде Қазақстанды өркендетуге, сондай-ақ ғылым және білім беру саласын халықаралық стандарттарға сай дамытуға қосқан үлесі үшін берілгенін атап өтті.

- Сіз білім мен ғылымды, әсіресе жаратылыстану ғылымдары мен техникалық пәндерді жетілдіру, жаӊғырту және жаһандандыру қажеттілігін сезініп, бұл бағытта көптеген маӊызды саяси шешімдер қабылдадыӊыз, - деді Я.Киеси.

Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияныӊ іскер топтар өкілдерімен кездесті.

Мемлекет басшысы жетекші жапон компаниялары өкілдерімен кездесу өз сапары аясындағы аса маӊызды іс-шараныӊ бірі екенін атап өтті.

- Осы сапардыӊ қорытындылары біздіӊ елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікті жаӊа сапалық деӊгейге көтеруде шешуші рөл атқаратынына сенімдімін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті екі ел түрлі бағыттағы, соныӊ ішінде мұнай-газ, металлургия, қаржы салалары, тау-кен өндірісі бойынша ынтымақтастық орнатып отырғанын атап өтті. Республикамызда 50-ден астам жапон кәсіпорындары жұмыс жүргізуде.

- Сонымен бірге біздіӊ қатынастарымыздыӊ әлеуеті толық пайдаланылып отырған жоқ. Сондықтан бүгінгі кездесуіміз сауда-экономикалық өзара іс-қимылымызды жандандыруға арналады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елімізде бизнеспен шұғылданудыӊ жағдайын жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылданып жатқанын, Дүниежүзілік банктіӊ "Бизнес жүргізу жеӊілдігі" рейтингінде Қазақстан 35-орынға шыққанын атап өтті.

Қазақстан Президенті іскерлік ахуалды одан ары жетілдіру және ел экономикасыныӊ құрылымын өзгерту үшін атқарылып жатқан жұмысқа назар аударды.

- Шикізатқа тәуелділіктен арылу үшін мемлекеттік индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Онда экономиканыӊ басымдығы бар бірнеше бағыты айқындалды. Олар - мұнай өӊдеу, мұнай-газ химиясы, агрохимия, қара және түсті металлургия, тамақ өнеркәсібі, көлік өндірісі және электротехникалық машина жасау салалары. Басымдығы бар салаларда инвесторлар корпоративті табыс салығы мен жер салығын төлеуден 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға босатылды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында бір ғана Жапониядан келген инвестицияныӊ жалпы көлемі 10 млрд долларға жеткенін атап өтті.

- Бізде либералды салық режімі және салықты әкімшілендіру де оӊтайландырылған, небәрі 13 салық қана бар. Жұмыспен қамту саласындағы салық мөлшерлемелеріне қатысты заӊнаманыӊ тұрақтылығына кепілдік берілген. 2015 жылы біз әлемдегі 35 елдіӊ азаматы үшін визасыз режім қолданылатын тізім құрамын ұлғайттық, келесі жылы ол 56 мемлекетке дейін көбейтіледі. Жапон инвесторлары Қазақстанға еркін келе алады, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ елде жалпы құны 10 млрд доллар мөлшеріндегі 800-ге жуық кәсіпорынды қамтитын жаппай жекешелендіру бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуына байланысты пайда болған мүмкіндіктерге де назар аударды.

Бұған қоса, Қазақстан Президенті республикада жеӊілдіктер жиынтығы көзделген және рұқсат беру рәсімдері жеӊілдетілген арнайы экономикалық аймақтар, сонымен қатар қатысушыларға қажетті инфрақұрылым мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін индустриялық аймақтар жұмыс істеп жатқаны туралы хабарлады.

- Біз жапон компанияларына өз жобаларын іске асыру үшін арнаулы және индустриялық аймақтардан орын бөлуге әзірміз. Тіпті ондай аймақтарды жапон компанияларыныӊ басқаруына да беруге болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру жобасын іске асыру үшін Токио тәжірибесініӊ маӊызды екеніне тоқталып, орталықтыӊ бұл саладағы әлемдік үздік тәжірибелерді игеріп, қазір Жапонияныӊ бағалы қағаздар жөніндегі диллерлері қауымдастығымен ынтымақтастық орната бастағанын атап өтті.

Қазақстан Президенті жапон компанияларын халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырып, "Аралас смарт-технологиялар - тәжірибе мен сын-қатерлер" атты Жапония павильоныныӊ ауқымды әрі мазмұнды болады деп болжанып отырғанын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ ірі экономикалық бастамалары Жапония бизнесініӊ қызығушылығын тудыратынына сенім білдірді.

- Жапония үкіметімен арада қол жеткізген уағдаластықтарды іскер топтар іске асыратындықтан, біздіӊ бүгінгі кездесуіміз аса маӊызды. Сіздермен қарым-қатынасымыздыӊ аясын кеӊейтіп, сауда мен тауар айналымын ұлғайтуға ниеттіміз, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті еліміздіӊ жаӊа Жібек жолы жобасына белсене қатысып, көлік инфрақұрылымын белсенді түрде жандандырып жатқанына назар аударды. Бұл логистика мәселелерін шешіп, екі ел бизнесініӊ өзара іс-қимылы үшін жаӊа мүмкіндіктерге жол ашатын болады.

Елбасы Жапония Парламентінде сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы Жапония Парламентінде сөз сөйлеуге мүмкіндік алғаны үшін ризашылық білдірді.

- Елдеріӊіздіӊ Заӊ шығару жиналысы халық билігініӊ тамыры тереӊ тарихи дәстүріне ие бола отырып, мемлекеттіӊ демократиялық тұрғыдан табысты дамуына зор үлес қосып келеді. Бүгінгі таӊда Жапония көп сала бойынша көш бастап тұр, ол - экономикасыныӊ өсімі жөнінен әлемдегі үшінші ел, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жапон халқыныӊ еӊбексүйгіштігі мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлығы елдіӊ өркендеуіне септігін тигізіп отырғанын атап өтті.

- Жапонныӊ "кайдзен" философиясы тек басқару мен технологиялық биіктерді бағындыруға ғана мүмкіндік беріп қоймай, сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар қазынасына қосылды. Жапон халқыныӊ ойлау жүйесі қазақтардыӊ дүниетанымына жақын әрі онымен үндес екенін айта аламын. Бізді халықтарымыздыӊ қиын да күрделі, кейде тіпті тақсіретті тағдыры тығыз байланыстырады. Қазақстан мен Жапония жаппай қырып жоятын қарудыӊ бүкіл қасіретін бастан өткерді, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолында Қазақстанныӊ атқарып жатқан іс-шараларына тоқталып, ядролық қауіптен ада әлем қалыптастыру үшін бірлесе күш-жігер жұмсаудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

- Біз Жаһандық антиядролық қозғалыс құруды маӊызды міндет деп санаймыз. Біз ұсынған "АТОМ" жобасы да дәл осы мақсатты көздейді. Жапон достарымызды осы бастамаға қолдау көрсетуге шақырамын. БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстанныӊ ұсынысы бойынша Ядролық қарудан ада әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация жөнінде қарар қабылдады. Біз ұсынған БҰҰ қарарына Жапония да тел автор ретінде қосылды. Сол қарарға сәйкес, меніӊ өз жарлығым арқылы полигонды жапқан күн - 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдыӊ халықаралық күні деп жарияланды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жапония Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттыӊ күшіне енуіне қолдау көрсету жөніндегі 9-шы конференцияныӊ теӊ төрағасы міндетін атқаруға кіріскенін және соған орай тараптар аталған құжаттыӊ тезірек күшіне енуіне қатысты маӊызды екі саяси мәлімдеме қабылдағанын еске салды.

Қазақстан Президенті биылғы наурыз айында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік саммитінде жария еткен өзініӊ "Илем. ХХІ ғасыр" манифесіне де тоқталып өтті.

- Онда мен соғыстар мен қақтығыстардан ада әлемге қалай қол жеткізетініміз туралы ой-пікірлерімді ортаға салдым. Бұған қоса, мен Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін берілетін халықаралық сыйлық тағайындау туралы шешім қабылдадым. Ол біздіӊ планетамызда халықтардыӊ бейбіт қатар өмір сүруін орнықтыруға бағытталған игі қызмет атқарған әлемдік көшбасшылар мен саясаткерлерге құрметімізді білдіруге арналады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қазіргі таӊда ядролық қарудыӊ қолданылу қаупін "қырғиқабақ соғыс" аяқталғаннан бергі қай кезеӊге қарағанда да жоғары екенін атап өтті.

- Илем жаӊа ядролық дәуірге бет бұрды. Ол әлдеқайда қатерлі және оныӊ барысын алдын ала болжап-білу мүмкін емес. ХХІ ғасырдыӊ еӊ күрделі проблемаларыныӊ бірі - ядролық терроризм қаупі, сондай-ақ ядролық және радиоактивті материалдардыӊ заӊсыз айналымы. Жаһандық ойыншылар арасындағы сенімніӊ бұрын-соӊды болмаған дағдарысы ядролық қаруды қолданудыӊ алдын алу кепілдіктерініӊ де тығырыққа тірелуіне әкеп соқтырып отыр. Бүгінгі таӊда осы ұнамсыз үрдістерді тоқтату үшін барлық жаһандық көшбасшылардыӊ саяси ерік-жігері ауадай қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өӊірлік қауіпсіздік мәселелеріне назар аударып, Азия елдері арасында өзара сенімді нығайтудыӊ маӊыздылығын және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеӊесті Азиядағы қауіпсіздік пен даму ұйымына айналдыру қажеттігін атап өтті.

- Келесі жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Орталық Азия елдері арасында алғашқы болып Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретіндегі міндетін атқаратын болады. Қазақстан мен Жапонияныӊ 2017 жылы Қауіпсіздік кеӊесі қызметіне қатысу мерзімініӊ сәйкес келуі алдағы уақытта өзара іс-қимылды қолға алуға қосымша мүмкіндіктер туғызады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы көптеген жапондықтыӊ тағдыры Қазақстанмен байланысты екенін атап өтті.

- Кеӊестік Қазақстандағы қиын кезеӊде тағдыры тәлкекке түскен жапон әскери тұтқындарыныӊ асқан ауыр жағдайдағы төзімділігі әлі күнге дейін біздіӊ жадымызда. Біз туысқандарыныӊ тағдыры туралы білгісі келетіндердіӊ бәріне қажетті көмек көрсетуге әзірміз, - деді Елбасы.

Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев жапон парламенті мүшелеріне лагерьден босағаннан кейін Қазақстанда қалған әскери тұтқын Ахико Тецуроныӊ оқиғасын әӊгімелеп берді. Өз Отанына келіп кеткеннен кейін ол біздіӊ елге қайта оралып, отбасымен бірге осында тұрып жатыр.

Елбасы қазіргі уақытта жетекші державалар Еуразия кеӊістігінде бірқатар интеграциялық жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

- Бейбіт, тұрақты, гүлденген әрі экономикалық тұрғыдан қуатты Еуразияны қалыптастыру бәріміз үшін тиімді, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазір біздіӊ республикамыз бұл идеяны ілгерілету жұмысын жүргізіп, соныӊ ішінде бірқатар инфрақұрылымдық жобаны іске асырып, ЕАЭО-ны және Қытайдыӊ "Бір белдеу - бір жол" бастамасын ұштастыру бағытында жұмыс істеп, сондай-ақ "ЕАЭО - Еуропалық одақ" диалогына бастамашылық етіп отырғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті тәуелсіздіктіӊ 25 жылы ішінде еліміз жоспарлы әкімшілік жүйеден нарық жүйесіне көшіп, ауқымды қайта құрылу кезеӊін бастан өткергенін және қазіргі уақытта "100 нақты қадам" ұлт жоспарын қабылдау арқылы маӊызды институционалдық реформаларға кіріскенін жеткізді.

- Жобаны іске асыру аясында азаматтық қоғам институты мен экономикасы дамыған үйлесімді саяси жүйесі бар ХХІ ғасырдағы Қазақстанды қалыптастыру көзделген. Мұныӊ бәрі елімізге жаһандық жағымсыз трендтерге лайықты қарсы тұрып, әлемніӊ еӊ дамыған отыз елініӊ қатарына қосылуға мүмкіндік береді. Осы үлкен мақсатымызға жету жолында Жапониямен арадағы ынтымақтастыққа зор үміт артамыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстан Жапонияныӊ Орталық Азиядағы ірі сауда-экономикалық серіктесі болып саналатынын айтты.

- Біз ғылымды қамтитын салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға, сіздіӊ елден озық технологиялар мен ноу-хау тартуға мүдделіміз. Жапония компанияларын Қазақстандағы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына және жекешелендіру жөніндегі ауқымды науқанға атсалысуға шақырамыз. Стратегиялық серіктестік пен елдеріміз арасындағы өзара түсіністік рухы қарым-қатынасымызды жаӊа деӊгейге көтеруге ықпал етеді деп сенемін, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Мемлекет басшысы бұл сапар елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толу қарсаӊында өтіп отырғанына назар аударды.

- Өзара тиімді іс-қимыл мен жасампаздық сипаттағы сенім Азиядағы жақындасудыӊ кілтіне айналады деп сенемін. Қазақстан мен Жапония халқы бірлесіп, өӊірімізді өркендету және халықаралық аренада бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілету ісінде маӊызды рөл атқара алады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Боао Азия форумы басқармасыныӊ төрағасы, Жапонияныӊ бұрынғы Премьер-Министрі Ясуо Фукудамен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы саясаткерлер, бизнесмендер және ғылым қайраткерлері арасында жоғары деӊгейдегі диалог үшін маӊызды іс-шара болып саналатын Боао Азия форумына Қазақстанныӊ белсене қатысып келе жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Боао Азия форумыныӊ ұйымдастыру комитеті мен Астана экономикалық форумы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өзініӊ Жапонияға сапары аясындағы кездесулердіӊ жемісті болғанын жеткізді.

- Мен Премьер-Министр Абэмен келіссөз жүргізіп, Жапония парламентінде сөз сөйледім, сонымен бірге елдеріӊіздіӊ іскер топтар өкілдерімен кездестім, - деді Елбасы.

Я.Фукуда Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Жапония парламентінде сөйлеген сөзі тыӊдаушылар тарапынан өте жоғары бағаға ие болып, Премьер-Министрмен жүргізілген келіссөздерде нақты уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.

- Бұл елдеріміздіӊ арасында ынтымақтастық орнатуға лайық зор кеӊістік бар екенін тағы да дәлелдей түседі, - деді Боао Азия форумы басқармасыныӊ төрағасы.

Мемлекет басшысы Гои бейбітшілік қорыныӊ президенті мен төрағасы - ерлі-зайыпты Хироо және Масами Сайонджимен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев қордыӊ жетекшілерімен әӊгімелесу барысында жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік, қарусыздану мен таратпау, терроризммен күрес мәселелерін шешуге, сондай-ақ өӊірлік мәселелерді реттеуге Қазақстанныӊ елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл қордыӊ біздіӊ республикада білім беру, ғылым мен мәдениет салаларындағы бірқатар жобаларды жүзеге асыра алатынына сенім білдіріп, гуманизм мен әлемдік мәдениет құндылықтарын насихаттау үшін ынтымақтастықты дамытуға әзір екенін айтты.

1999 жылы құрылған Гои бейбітшілік қоры - Жапонияныӊ ірі үкіметтік емес ұйымдарыныӊ бірі. Ол бейбітшіл бастамаларды ілгерілету бағытында ауқымды халықаралық қызмет атқарады.

Елбасы Гои бейбітшілік қорыныӊ 2016 жылғы "Ядролық қарусыздану және таратпау ісіне қосқан елеулі үлесі үшін" бейбітшілік мәдениеті арнаулы сыйлығымен марапаттау рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы салтанатты шарада биылғы Бейбітшілік мәдениеті арнаулы сыйлығыныӊ өзіне табыс етілуі Семей полигонындағы ядролық сынақ зұлматын басынан өткерген Қазақстан халқымен ниеттестіктіӊ көрінісі екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті полигонныӊ жабылған күнініӊ аса маӊызды белес екенін, өйткені дәл сол кезден бастап біздіӊ ел ядролық қарудан ада әлем қалыптастыру жолына бет бұрғанын атап өтті.

- Хиросимаға тасталған атом бомбасыныӊ екі жарым мыӊымен теӊесетін 500-ге жуық жарылыс ядролық қатерге деген біздіӊ көзқарасымызды түбегейлі өзгертті. Сондықтан да біз ядролық полигонды жапқан бірінші ел болдық, қуаты жөнінен төртінші орын алатын ядролық арсеналдан бас тарттық, сондай-ақ Орталық Азияда ядросыз аймақ қалыптастырдық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстан өз тарихында тұӊғыш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі жауапты миссиясына кірісетінін айтты.

- Бұл - халықаралық қоғамдастық тарапынан бізге көрсетілген зор сенім. Таратпау мәселелерімен қатар, біз Жапониямен және басқа да әріптестерімізбен бірге азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелерін шешуге де атсалыспақпыз, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев XXI ғасырда адамзаттыӊ ядролық қатерден ада әлемге лайықты жол таба алатынына сенетінін жеткізді.

- Сындарлы ұжымдық іс-қимылды қолға алған әлемдік қоғамдастықтыӊ ерік-жігері мен парасаты жер шарыныӊ ядролық апат құрдымына кетуіне жол бермейді деп сенемін. Біз Хиросима мен Нагасакидегі, сондай-ақ Семейдегі, Маршал аралдарындағы және басқа жерлердегі қасіреттер туралы ұмытпауға тиіспіз. Илемді ядролық апат қатерінен құтқару үшін талмай күрес жүргізуге шақырамын, - деді Мемлекет басшысы.

Гои қорыныӊ Бейбітшілік мәдениеті арнаулы сыйлығы бейбітшілік мәдениетін таратуға және оны ілгерілетуге қосқан мейлінше маӊызды үлесі үшін жекелеген тұлғалар мен ұйымдарға беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны