17.01.2014, 19:29 23887

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады

Бүгін, 17 қаңтарда Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - 2050: Бір бағыт, бір мақсат, бір болашақ" деген атаумен Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan today.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін, 17 қаңтарда Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - 2050: Бір бағыт, бір мақсат, бір болашақ" деген атаумен Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan today.

"ХХI ғасырдағы Қазақстан - бұл жаңадан құрылған жас мемлекет. Біз оны мақтан тұтамыз. Бұл біздің өзіміз жасаған үлкен жетістігіміз, құндылығымыз. Біз қазақстандықтар өз болашағының жарқын бейнесін көру үшін 2050 Стратегиясын қабылдадық. Бүгін үзақ мерзімді жоспар бойынша көптеген мемлекеттер, мәселен: Қытай, Малайзия, Түркия сынды елдер жұмыс істеуде. ХХI ғасырдағы Стратегиялық жоспарлау ең бірінші бағыт болып есептеледі. Болашағын нық айқындаған елге ешкім кедергі келтіре алмайды", - деді Н. Назарбаев.

Айта кетейік, "Болашақ" халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы Жолдау "Қазақстан-2050" стратегиясын орындауға арналатынын мәлімдеген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны