27.02.2017, 11:08 3792

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен кездесті

Қазақстан мен Ресей Президенттері кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және күн тәртібіндегі басты халықаралық тақырыптарды талқылады.

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен кездесті,-деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан мен Ресей Президенттері кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және күн тәртібіндегі басты халықаралық тақырыптарды талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ Ресеймен қарым-қатынасыныӊ ерекшелігіне тоқталып, екі ел арасындағы сенім мен түсіністік деӊгейі жоғары екенін атап өтті.

- Биыл арамызда дипломатиялық қарым-қатынастыӊ орнағанына 25 жыл толады. Тығыз ынтымақтастық арқасында біз Еуразиялық экономикалық одақты құрдық. Бұл оныӊ барлық қатысушылары үшін маӊызды әрі перспективалы құрылым деп санаймын. Бүгінде Ресейдіӊ 7 мыӊнан астам кәсіпорны Қазақстанда өкілдіктерін ашып, жаӊадан қайта өӊдеу өнеркәсібін құруға ықпал етуде. Сіздіӊ былтыр күзде Қазақстанға жасаған сапарыӊыз бен Еуразиялық экономикалық одақ аясында Санкт-Петербургтегі кездесуіміз құны 3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 41 келісімшартқа қол қоюға мүмкіндік берді, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерге қатысты Қазақстан мен Ресейдіӊ ұстанымы бірдей екенін және БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесі аясында ортақ міндеттерді іске асыру үшін екі ел де бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

- Ресей халықаралық өзекті мәселелерді шешу, соныӊ ішінде Сирия қақтығысын реттеу жөнінде шаралар қабылдауда. Астанада бірнеше келіссөз өткізу туралы ұсыныс білдірген де Ресей болатын. Үдеріс басталып кетті. Жалпы осы және басқа да мәселелерді шешу үшін жыл бойы бірқатар кездесу өткізу қажет, соныӊ бірі 8 маусымда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы басқосу болмақ. Қазіргі барлық мәселелер достық негізінде шешілуде. Бірлескен кәсіпорындар құрып, алға қарай ілгерілейтін боламыз, - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздерді Астанада ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

- Бұл үдерісте Қазақстан тарапыныӊ жай ұйымдастырушы ретінде ғана қатысып қоймай, жалпы жағымды рөл атқарғанын білемін. Сіз кездесу ұйымдастыруға тікелей атсалысып, қатысушылармен және делегаттармен жұмыс жүргіздіӊіз. Сіздіӊ арқаӊызда ешқашан болмаған нәтижеге қол жеткіздік. Исіресе, атыстыӊ тоқтатылуына бақылау жасау тетігі табылды, бұл - еӊ басты мәселе. Енді бұл Женевада жалғасатын келіссөздерге негіз болады, - деді Ресей Президенті.

В.Путин Қазақстанныӊ Ресейдіӊ басты экономикалық серіктесініӊ бірі ретіндегі маӊыздылығын атап өтіп, интеграциялық үдерістер барысында жасалған жағдай арқылы нақты көлемді ұлғайтуға қол жеткізіп, ынтымақтастықты ұдайы арттырып отыру қажеттігін айтты.

Ресей Президенті өз елініӊ жаһандық мәселелерді шешуде Қазақстанныӊ БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретіндегі қолдауынан үмітті екенін жеткізді.

Кездесу соӊында тараптар Еуразиялық интеграция аспектілерін және экономика саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны