19.03.2024, 12:34 30531

Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Share Together кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Еңбек министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғау бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тиісті екіжақты меморандумға қол қою жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Осы меморандумды жасасу ынтымақтастықты неғұрлым тиімді жүзеге асыруға, оның ішінде Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарының бұзылу жағдайларын анықтауға, алдын алуға және оларға ден қоюға мүмкіндік береді.

Share Together кәсіподағы Оңтүстік Кореядағы шетелдік еңбек мигранттарының құқықтарын қорғаумен айналысады және Корея кәсіподақтары федерациясының (FKTU) құрамына кіреді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны