23.12.2017, 15:46 5124

ОҚО-да энергетика саласында 59 нысанныӊ құрылысы жүргізілуде

2018 жылы Төлеби ауданында қуаты 2,5 мегаватт шағын су электр станциясы пайдалануға беріледі. Одан бөлек, Сарыағаш ауданында жалпы қуаты 5 мегаватт шағын су электр станциясы мен Отырар ауданында қуаты 35 мегаватт күн электр станциясыныӊ құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Шымкент. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today -Оӊтүстік Қазақстан облысы Ж. Түймебаев Энергетиктер күні мерекесі орай "KEGOK" АҚ "Оӊтүстік жүйеаралық электр тораптары" филиалында орналасқан өӊірлік диспетчерлік орталықтыӊ жұмысымен танысты.

Аталған кәсіпорынныӊ құрылғанына биыл 20 жыл толып отыр. "Кегок" Акционерлік қоғамы ел өмірінде шешуші рөлге ие құрылымдардыӊ бірі. Компания өзі құрылған 20 жылдыӊ ішінде еліміздегі электр торабын тұтастай дерлік жаӊғыртты. Жоғары кернеулі осынау желілер Қазақстанныӊ біріӊғай электр жүйесіне қызмет етіп, миллиондаған тұрғындарға, әлеуметтік нысандар мен зауыттарға электр қуатын жеткізіп отыр. Осы желілердіӊ ішінде стратегиялық маӊызға ие жобалардыӊ бірі - "Солтүстік - Оӊтүстік" электр желісі. Ұжым қызметкерлерімен кездескен өӊір басшысы сала мамандарын мерекемен құттықтап, өӊірлік диспетчерлік орталықтыӊ жұмысына сәтілік тіледі.

Оӊтүстік Қазақстан облысында Елбасымыз бекіткен "Жасыл экономикаға көшу" концепциясы нәтижелі орындалуда. Аталған концепцияға сай биылғы жылы Сайрам, Қазығұрт аудандарында екі шағын су электр станциясы ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, Шымкент қаласынан Орта Азияда теӊдесі жоқ биогаз қондырғысы кешені іске қосылды. Бұдан бөлек, Сарыағаш және Мақтаарал аудандарында екі ірі күн электр станцияларыныӊ құрылыс жұмыстары бастау алды.

2018 жылы Төлеби ауданында қуаты 2,5 мегаватт шағын су электр станциясы пайдалануға беріледі. Одан бөлек, Сарыағаш ауданында жалпы қуаты 5 мегаватт шағын су электр станциясы мен Отырар ауданында қуаты 35 мегаватт күн электр станциясыныӊ құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2017-2021 жылдарға арналған облыстыӊ елді мекендерін сапалы электр энергиямен қамтудыӊ кешенді іс-шара жоспары әзірленген болатын. Осы жоспарға сәйкес 2021 жылға дейін өӊіріміздегі 361 мыӊ 990 тұрғыны бар 198 елді мекенді сапалы электр энергиясымен қамту көзделген. Сонымен қатар, 14 ірі қосалқы станциялардыӊ құрылысын жүргізу ісі қолға алынған болатын. Осы бағыттарға 2017 жылы республикалық, облыстық бюджеттерден 15,1 млрд. теӊге бөлініп, 59 нысанныӊ (101 елді мекендерде) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соныӊ ішінде "Нұрлы жер" бағдарламасымен Сарыағаш ауданындағы 15 жобаға Ұлттық қордан 2 320,3 млн. теӊге бөлінген. Биылғы жылы 47 нысанныӊ құрылысы аяқталса, 12 нысанныӊ құрылысы 2018 жылы аяқталады деп күтілуде. Аталған жобалар толық жүзеге асқанда 85 елді мекендегі 87 мыӊнан астам тұрғын сапалы электр энергиямен қамтылатын болады.

2018 жылы жобасы дайындалған жалпы құны 8,5 млрд. теӊгені құрайтын 110 киловольттық "Алатау" және "Ақжар" қосалқы станцияныӊ құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру жоспарлануда.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны