14.07.2016, 13:16 3916

ОҚО-дағы қалалардыӊ дамуына ЭЫДҰ өкілдері көмектеспек

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігінде "Қалалық даму саясатына шолу жасау" жобасын іске асыру аясында экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ (ЭЫДҰ) өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Д.Сатыбалды аймақ үшін бұл отырыстыӊ маӊыздылығына тоқталды

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігінде "Қалалық даму саясатына шолу жасау" жобасын іске асыру аясында экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ (ЭЫДҰ) өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Д.Сатыбалды аймақ үшін бұл отырыстыӊ маӊыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Үш миллионға жуық халқы бар біздіӊ облыс республикадағы еӊ ірі өӊірлердіӊ бірі болып табылады. Облыс орталығы - Шымкент қаласы оӊтүстік өлкесініӊ экономикалық өсуіндегі агломерациялық орталығы болып табылады. Күнгейдегі жылдам дамып келе жатқан қалалардыӊ бірі деп еліміздіӊ тарихи-мәдени және рухани орталығы болып саналатын Түркістан шаһарын айтуға болады. Сондай-ақ, Кентау қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді. Бүгінгі Сіздерден түскен ұсыныстар облысымыздағы қалалардыӊ дамуына серпін беріп, Елбасыныӊ әлемдегі дамыған 30 елдіӊ қатарына кіру мақсатын орындауда қызмет ететініне сенімдімін", - деді Д.Сатыбалды.

Жиында сөз алған ЭЫДҰ жетекшісі Оскар Хуерта Мельхор аталған ұйымныӊ атқаратын қызметін атап өтіп, "қалалық даму саясатына шолу жасау" жобасы шаһардыӊ экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерін жетілдіріп, Қазақстан қалаларыныӊ даму саясатына кешенді баға мен кеӊес беретінін жеткізді.

Атап өту қажет, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы - еӊ беделді халықаралық ұйымдардыӊ бірі болып табылады және жоғарыда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізу бойынша бүкіл әлемге ұсынымдар әзірлейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны