14.10.2016, 10:59 3693

Оӊтүстік Қазақстан облысында 500-ге жуық модульдік үйлердіӊ құрылысы жүрмек

Мұнан соӊ, жұмысшы топ серіктестіктіӊ көлемі 12 гектар болатын көкөніс жылыжайларын аралап, ондағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру технологиясын көрді.

Шымкент. 14 қазан. Kazakhstan Today - Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі "Ақ Ордасы корпорациясы" ЖШС-нда болып, серіктестіктіӊ жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары кезінде өӊір басшысы корпорацияныӊ модульдік үйлер өндіріс зауытында болып, баспана соғудыӊ жаӊа тәсілімен танысты. Жылына 1 мыӊ дана үй салуға қауқарлы "Ak Ordasy Duilding" ЖШС-нда 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Зауытты аралау кезінде корпорация төрағасы Ибадулла Қалыбеков облысымызда американдық тәсілмен салынатын 500 үйдіӊ құрылысын жүргізуді ұсынып, оны қысқа мерзімде және арзан бағаға салуға болатынын, сондай-ақ, баспана маӊынан жылыжай салынатынын түсіндірді. Аталған жобаныӊ тиімділігімен танысқан Жансейіт Түймебаев ұсынысты қолдап, әкімдік тарапынан қажетті көмектіӊ көрсетілетінін, тіпті, мұнда дуальді оқыту жүйесі аясында студенттер жұмыспен қамтылуы керектігін жеткізді.

Мұнан соӊ, жұмысшы топ серіктестіктіӊ көлемі 12 гектар болатын көкөніс жылыжайларын аралап, ондағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру технологиясын көрді. Негізінен, қызанақ пен қияр өсірумен айналысатын еншілес компания өнімдерін Шымкенттен бөлек, Қарағанды мен Астанаға саудалайды. Өнімдердіӊ голландиялық және израильдік сұрыптары жайқалған жылыжайларды аралау барысында корпорация жетекшілігі тарапынан айтылған Оӊтүстіктегі жылыжай кластерін дамыту ұсынысы да аймақ басшысымен қолдау тауып, таяу арада облыста тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылатын болды.

Сондай-ақ, облыс әкімі бастаған топ серіктестіктіӊ газоблок шығаратын зауытында болып, көкөніс сақтау қоймасын аралады. Сондай-ақ, таяуда іске қосылатын полиэтилен өнімдерін шығару зауытын көріп, корпорацияныӊ еншілес компаниясы құрылысын жүргізген көпқабатты үйдіӊ сапасын бақылады.

Айта кетейік, нарықта соӊғы 10 жылдан бері жұмысын жандандырып келе жатқан "Ақ Ордасы корпорациясыныӊ" түрлі салалар бойынша жұмыс істеп келе жатқан 13 еншілес компаниясы бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны