28.12.2009, 16:31 2923

Оңтүстік Қазақстан облысында қарақшылық шабуылмен айналысып жүрген екі қылмыстық топ құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қарақшылық шабуылмен айналысып жүрген екі қылмыстық топ құрықталды

Шымкент. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысында қарақшылық шабуылмен айналысып жүрген екі қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

2009 жылдың 3 қазаны күні Сайрам АІІБ-на Тассай ауылындағы бір кәсіпорында қарауыл болып жұмыс істейтін жергілікті жердің 48 жастағы тұрғыны арызданған. Ол белгісіз еуропалық нәсілді белгісіз тұлғалар күш қолданып, мекеменің ғимаратына еніп, қарауылды байлап, жалпы мөлшері 5 млн теңге болатын ақшасы бар сейфті ұрлап кеткенін хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлерінің анықтағанындай, күдіктілер мекеме ғимаратына келіп, күзетшінің сеніміне кіріп, отты қаруды қолдана қорқытып, сонымен қатар күзетшіге қатысты күш қолданып, сейфті тонап, одан кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Жауап алу барысында жоғарыда аталған мекеменің қойма меңгерушісі болып қызмет атқаратын азаматтың бірі осы қылмысқа барған, және оның сыбайласы өзінің сыныптасы болған, сонымен қатар аталған мекеменің қаржы ақпаратына кіруге рұқсаты болған.

Полиция қызметкерлерінің жедел іс-шаралар жүргізу барысында Мақтаарал ауданының 1989 жылғы және Төле би ауданының 1983 жылғы тұрғындары анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта үшінші сыбайластары Ресей Федерациясында. 2009 жылғы 6 қарашада кезекші бөлімінің "102" пультіне Шымкент қаласының 1984 жылы туған тұрғыны арызданған. Ол белгісіз тұлғалар көлігін ұрлап, өзін ұрып кеткенін хабарлаған. Полиция қызметкерлерінің оқиға болған жерге бару барысында қара түсті 2005 жылғы "Тойота Ланд Крузер" маркалы автокөлігі, сонымен қатар ұялы телефон ұрланғаны анықталды.

Жәбірленуші ұрланған автокөлікті Шымкент қаласындағы тойлар мен қонақтарды күтіп алу қызметтерін көрсету мақсатында пайдалану үшін үнемі алып отырған. Жәбірленушіге белгісіз біреулер қоңырау шалып, болатын шараны талқылау мақсатында Шымкент қаласындағы "Север" ақшамауданына кездесуге шақырған. Ол кездесу орнына келген кезде, онда 25-28 жас шамасындағы азиялық нәсілді екі бейтаныс тұлға күтіп тұрған. Олар келісіп, жоғарыда аталған автокөлікті сағат 18-00 ден 21-00-ге дейін 3 сағатқа жалға алған. Шарттарын талқылап болғаннан кейін олар салтанатты іс-шараға қызмет көрсету сылтауымен келіншекті алып келу мақсатында Коммунизм бөлімшесіне баруды ұсынған және гүл алу үшін гүл базарына кірген. Содан соң, Коммунизм бөлімшесіне келген сәтте, күдіктілер көк түсті қақпалы үйдің жанына тоқтауды ұсынған. Сол кезде екі күдікті жәбірленушіге бас салып, артқы орындыққа лақтырып, оны әбден ұрып-соққан. Осы кезде автокөлік рөліне үшінші бір күдікті мініп, айдап кеткен. Жәбірленушінің аяқ-қолын байлап, көзін танып, жүк салғышқа салып, белгісіз жерге апарып тастаған.

Полиция қызметкерлерінің жедел іс-шаралар жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының екі 1985 және 1984 жылы туған тұрғындары анықталып, ұсталды. Жоғарыда аталып кеткен оқиғаларға байланысты ҚР ҚК-нің 179-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны