12.10.2009, 15:24 2754

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкердің отбасына қарақшылық шабуылды ұйымдастырған қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкердің отбасына қарақшылық шабуылды ұйымдастырған қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкердің отбасына қарақшылық шабуылды ұйымдастырған қылмыстық топтың мүшесі ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өткен аптада полиция қызметкерлері Шымкент қаласында қарақшылық қылмысты ұйымдастырушы, ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 жастағы мүшесін ұстады. Ол былтырдан бері іздеуде болған",- деді Қ.Жұманов.

Осы орайда ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі еске салып өткендей, "былтырғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкердің отбасына қарақшылық шабуыл жасалды. Дене мүшелеріне келтірілген жарақаттың кесірінен үй иесі мен оның жұбайы ауруханада қайтыс болды. Қылмыс жасаған үш қарақшылық шабуылшы бір айдың ішінде ұсталды. Қазіргі уақытта олар әртүрлі мерзімге сотталды. Қалған екеуі бойынша мемлекетаралық іздестіру жарияланды. Өткен аптада, 7 қазанда, облыстық ІІД "Арлан" арнаулы бөлімшесі мен криминалдық полиция қызметкерлері Шымкент қаласында қарақшылықтың ұйымдастырушысы мен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін ұстады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны