05.05.2010, 17:39 3269

Оңтүстік Қазақстан облысында қорадағы қойларды айдап әкеткен қылмыстық топ құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қорадағы қойларды айдап әкеткен қылмыстық топ құрықталды

Шымкент. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында Бәйдібек ауданының полицейлері мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аудандық полиция бөліміне жергілікті жердің тұрғындары арызданған. Белгісіз тұлғалар қорасынан тұрған жерінде қойларды ұрлап кеткен. Жалпы алғанда жәбірленушілерге 50 000 теңге көлемінде шығын келтірген. Бәйдібек ауданының полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Оңтүстік Қазақстан облысының 1965, 1978, 1987 және 1992 жылы туылған тұрғындары құрықталды.

"Күдіктілердің сөзіне қарағанда, ұрланғандарды Сайрам ауданындағы базарға өткізген. Осы жәйтке байланысты ҚР ҚК-нің 175 бабы "ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да мал ұрлығына қатыстылығы анықталуда",- деп хабарладйы баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны