02.09.2009, 15:33 2958

Оңтүстік Қазақстан облысында маслихат депутатына қатысты қылмыстық іс тергелуде - қаржы полициясы

Оңтүстік Қазақстан облысында маслихат депутатына қатысты қылмыстық іс тергелуде - қаржы полициясы

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында маслихат депутатына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және олардың мемлекеттік сатып алулар кезінде жеке кәсіпорындарға қамқорлық жасау фактілері кең тараған",- деді ресми өкіл.

Мәселен, оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында маслихат депутатына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Ол өзі құрылтайшысы болып табылатын "МКиК" ЖШС басқаруға заңсыз қатыса отырып, кәсіпорынға бүгінгі күнге дейін тапсырылмаған Бәйдібек ауданының орталық ауруханасы ғимаратының жөндеуін аяқтауға қажетті 80 млн теңгені алуға артықшылық берген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны