28.10.2008, 17:25 3334

Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай ұрлаған күдікті пара беремін деп қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай ұрлаған күдікті пара беремін деп қолға түсті

Шымкент. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ АІІБ-ның қызметкерлері Ақтөбе облысының 40 жастағы тұрғынын АІІБ тіргеушісіне пара беруге әрекет жасаған кезде қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мұнай құбырынан мұнай ұрлауға қатысты істі менің жүргізіп жатқанымды біліп, ол маған 480 мың теңге, яғни, 4 мың доллар ұсынды. Мен осы жөнінде бастығыма хабар бердім, нәтижесінде біз пара берушіні ұстауға шұғыл шара қолдандық. Менің жұмыс бөлмемде ол маған 480 мың теңге беріп жатқан кезде құрықталды", - деді Созақ АІІБ-ның аға тергеушісі Мұхит Аширов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары "Семсер" күзет ұйымының қызметкерлерімен бірлесіп Павлодар-Шымкент мұнай құбырынан мұнай ұрлады деген күдікпен облыстың екі тұрғынын ұстады.

"22 қазанда 56 жастағы Мақтаарал ауданның тұрғыны мен 48 жастағы Шардара ауданының тұрғыны мұнай құбырының 1477-ші шақырымында ұсталды. Оның жанында автоцистернасына мұнай құйылған екі мұнай тасушы көлік тұрған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен аталған іс бойынша үш адам ұсталып, олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қохзғалды. Ал топты ұйымдастырушының үстінен енді пара беруге әрекет жасағаны үшін полиция ҚР Қылмыстық кодексінің пара беру жөніндегі 312-ші бабы бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны