17.03.2010, 16:04 3071

Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстан азаматынан 2 келіден аса героин тәркіленді

Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстан азаматынан 2 келіден аса героин тәркіленді

Астана. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті "Оңтүстік" өңіраралық бөлімінің қызметкерлері осы облыстың Сарыағаш ауданында 37 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Одан 2 кг 10 грамм героин тіркіленді. Ол есірткі затын беліне орап, таңып алған. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның хабарлауынша, сондай-ақ, "Допинг" операциясы барысында Жамбыл облысының Қордай ауданында Қырғыз Республикасының 33 жастағы азаматы ұсталды, оның денесінен 850 грамм героины бар пакет табылды. Ұсталған азамат есірткіні Қырғызстанда сатып алып, осында сату үшін әкелгенін түсіндірді".

"Апта ішінде 2012 қылмыс жасалып, оның ішінде "ізі суымай" 1598 қылмыс, сондай-ақ бұрын жасалған 379 қылмыс ашылды. Сонымен қатар 33 күдікті қылмыскер қылмыс жасағаны үшін іздестірілді. 212 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 56 фактісі анықталды. 7 килограмға жуық есірткі, оның ішінде бір килограмнан астам героин тәркіленді",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны