13.01.2009, 18:32 2971

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен аудандық статистикалық бөлімнің бастығы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен аудандық статистикалық бөлімнің бастығы ұсталды

Шымкент. 13 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері пара алды деген күдікпен аудандық статистикалық бөлімнің бастығын ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аудандық статистикалық бөлімнің бастығы өзінің қарамағындағы қызметкерден ақша бопсалап, оны жұмыстан шығарамын деп қорқытқан. әлгі адамда ҰҚКД көмегіне жүгінуден өзге жол қалмаған. Бөлім бастығы өз жұмыс бөлмесінде бопсалаған соманы алып жатқан кезде қолға түсті",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҰҚКД параның көлемі туралы ақпаратты жария етпегенімен, ақпарат көзінің мәліметінше, мәселе 28 мың теңге жөнінде болып отыр.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталғанның үстінен ҚР ҚК 311-бабының 4 -бөлімінің "а" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны