29.07.2008, 15:09 3015

Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкенттің екі тұрғынынан 4 килограмм героин тәркіленді

Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкенттің екі тұрғынынан 4 килограмм героин тәркіленді

Шымкент. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің шұғыл тергеу тобы Шымкенттің екі тұрғынынан 4 килограмм героин тауып тәркіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҰҚК ОҚО департаментіне сілтеме жасап.

Есірткі сатушылар Қазығұрт ауданында есірткі тасу барысында қолға түсті.

Бұл дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 259- бабының 3-тармағы (есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз сатып алу, дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу үшін бір топтың алдын-ала ымыраласу арқылы ірі көлемде сатып алуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір ұсталғандар ҚР ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің тергеу абақтысына тоғытылды. Айғақзатты бекіту үшін процессуалдық әрекеттер жасалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны