11.10.2016, 14:33 4374

Оӊтүстік Қазақстан облысында туристік маршруттарға тарихи және табиғаттық бағыттағы 84 нысан енгізілді

Бұған қоса, министрлік ақпаратына сәйкес, "Ontustiksuvenier" кәдесый дүкендерініӊ желісін және шығыс стиліндегі тамақтандыру орындарын ашу мүмкіндіктері қарастырылуда.

Шымкент. 11 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында туристік маршруттарға тарихи және табиғаттық бағыттағы 84 нысан енгізілді.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі әзірлеген еліміздегі туризм индустриясы туралы құжаттыӊ облысқа қатысты мәліметтерінде айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан Республикасында туризм саласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасыныӊ туристік өнімін жасақтау және ілгері жылжытуға тыӊ көзқарас туристік кластерлерді дамытуға саяды. Сонымен бірге Оӊтүстік Қазақстан облысы "Ұлы Жібек Жолыныӊ Жүрегі" ретінде танылатын "Ұлы Жібек Жолын қайта жаӊғырту" кластеріне жататын болады. Шымкент қаласы кластер орталығы болмақ, онда туристік қызығушылықтыӊ шешуші орындары орын тепкен. Бұл кластерде жасалатын басты туристік өнімдер мәдени туризм және турне болмақ",- делінген мәліметте.

Министрлік ақпаратына сәйкес, бүгінгі жағдаймен облыстыӊ әр ауданында туристік бағыттар жасақталды. Туристік маршруттарға тарихи және табиғаттық бағыттағы 84 нысан енгізілді.

"Халықаралық арнайы мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесініӊ қонақтары мен қатысушыларына арналған, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрініӊ 2016 жылғы 24 маусымдағы №522 және ҚР Мәдениет және спорт министрініӊ 2016 жылғы 18 шілдедегі №209 бірлескен бұйрығымен бекітілген маршруттар тізіміне Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша екі маршрут енгізілді",- деп хабарлайды мекеме.

Сонымен бірге, Оӊтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту жоспары жасалған, соған сәйкес жеӊіл инфрақұрылымды дамыту, якорьлық туристік жобаларды алға жылжыту, туристік нысандарды маркетингтік тұрғыда алға жылжыту, сервистік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ, жүйелік проблемаларды шешу көзделген.

Өз кезегінде туристерге өӊірге келуде жайлылық жасау үшін жергілікті атқарушы орган қажетті инфрақұрылымға (жету жолдары, бағыттауыштар, дәретханалар) қатысты талдау жүргізді. Сондай-ақ, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" көлік дәлізін бойлай жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында қоғамдық тамақтандыру, орналастыру орындары мен жанармай құю бекеттерініӊ орналасуына талдау жасалды.

Анықтама ретінде: 21 нысанға баратын жолдарға жөндеу жүргізу қажет, 47 нысанға баратын жолдыӊ жағдайы орташа деӊгейде, 15 туристік нысан бойынша жолдыӊ жағдайы жақсы, 61 нысанда жол көрсеткіш-бағыттағыш жоқ, 11 нысанныӊ осындай жол көрсеткіш-бағыттағыштарын өзгерту қажет, 26 нысанда қоғамдық дәрет сындыру орындары жоқ, 56 нысанда дәретханаларды санитарлық талаптарға сәйкестендіру қажеттігі анықталды.

Талдау қорытындысы бойынша аталған проблемаларды жою үшін аудандар мен қалалардыӊ әкімдіктеріне тапсырмалар берілген.

Бұған қоса, министрлік ақпаратына сәйкес, Оӊтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі туристер жиі баратын нысандардыӊ тізімін құрастырып, орналастыру нысандарыныӊ төлқұжаттарын жасады.

"Басты маршрутта, атап айтқанда, Шымкент-Түркістан, Шымкент-Сарыағаш және Шымкент-Түлкібас бағыттары бойынша туристердіӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұялы байланыс желісі операторларыныӊ желісіне кірмейтін аймақтар анықталған. Қазір бұл проблемаларды жою жұмыстары жүргізілуде",- деп хабарлайды мекеме.

Өз кезегінде, туристерге өӊірге келуде жайлылық жасау үшін жол сілтегіш-бағыттағыштарды, туристік нысандардыӊ төлқұжаттарын орнату және жаӊалау, жақсарту және қоғамдық дәрет сындыру орындарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұған қоса, министрлік ақпаратына сәйкес, "Ontustiksuvenier" кәдесый дүкендерініӊ желісін және шығыс стиліндегі тамақтандыру орындарын ашу мүмкіндіктері қарастырылуда.

Сондай-ақ, айрықша қорғаудағы аумақтарда экологиялық туризмді дамыту мақсатында қажетті инфрақұрылымды айқындау, туристердіӊ демалуына арнап күркелер мен жаппалар, қоғамдық дәретхана орындарын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ИДМ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны