31.05.2010, 15:54 7087

Оңтүстік Қазақстан облысында жанар- жағармай бекеттеріне бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жанар- жағармай бекеттеріне бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ құрықталды

Шымкент. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жанар- жағармай бекеттеріне бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Шалхаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Шымкент қалалық Ил-Фараби АІІБ-не 1 мамыр күні жанар- жағар май бекетінің операторлық бөліміне қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат келіп жеткен. Оқиға орнына ОҚО ІІД-нің және Ил-Фараби АІІБ-нің жедел-тергеу тобы келіп жетеді. Куәлерді сұрастыру барысында, белгісіз тұлғалар бекеттің аумағына кіріп, 1972 жылы туған операторды ұрып-соғып, 90 000 теңгесімен ұялы телефонын ашық түрде алып кеткен. Сосын олар оқиға орнынан бой тасалаған"деді басқарма бастығы.

Оның айтуынша, "9 мамыр күні сағат 2-50 де азялық нәсілді жасы 20-25 шамасындағы төрт белгісіз тұлға Сарыағаш ауданындағы жанар жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған. Олар 33 және 25 жастағы операторларға қарсы күш қолданып, 21 000 теңге және екі ұялы телефонын тартып алған. Дәл сол күні осындай хабарлама Сарыағаш АІІБ-не сағат 19-00 де келіп түскен. Қарақшылық шабуылдың құрбаны 50 жастағы жанар жағармай бекетінің операторы болды. Қарақшылар оны ұрып-соғып, 300 000 теңге мен ұялы телефонын алып кеткен".

"17 мамыр күні кешке Қазығұрт аудандық полиция бөліміне 27 жастағы ер азамат оған қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы арызданған. Ол аудан орталығынан 7 километр қашықтықтағы жайылымда жұмыс жасаған. 16 мамыр күні белгісіз тұлғалар оны ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап, ұялы телефонын алып, шетелдік автокөлікте бой тасалаған",- деді подполковник.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тергеу басқармасының қызметкерлері осы жәйт бойынша ҚР ҚК-нің 179-бабы "қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғады. Қарақшылық шабуылдың ашылуына ОҚО ІІД басшылығының жеке бақылауына алынды. Із кесушілер тыңғылықты сараптама жасаудың нәтижесінде бұл қарақшылық шабуылдардың бір-біріне ұқсастығын болжай келе, барлығын бір қылмыстық топ жасап отырғанын анықтады.

"25 мамыр күні із кесушілердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қарақшылық шабуылға қатысты Сарыағаш ауданында үш күдікті құрықталды. Олар Шымкент, Сарыағаш және Сайрам ауданының 20-22 жастағы тұрғындары. Барлығы да жұмыссыздар. Төртінші қылмысқа қатысушы 1991 ж.т. азаматты Қазығұрт ауданында тұрғылықты жерінен ұстады",- деді ол.

"Айғақзаттар ретінде күдіктілерден "Фольксваген-Пассат" автокөлігі, "ОСА" маркалы пистолеті және төрт ұялы телефон тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда ұсталғандар уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде",- деді Серік Шалхаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны